Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері



бет96/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығындағы белгілі автор Ахмад Рази былай деп жазды: «Одан Мұхаммед Хайдардан дүниеге игі істер тарады, ол ерекше қабілетті еді. Оның жазу емлесі таза, стилі айқын, өлеңі нақышты еді. Сирек кездесетін батылдықтың адамы және шебер әскербасы болды. Ол Қашғардан Тибетке өтті. Кашмирге келіп, ел басқарды. Кашмирде қайтыс болды.
Оның Қашғар билеушісі Рашид ханға арнап жазған «Тарих-и Рашидиі» бүкіл жұртшылыққа белгілі».



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ


Автохтондар - белгілі бір аймақтың ең ежелгі тұрғын халқы.
Адаптация - өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу.
Ақын - поэзиялық туындыларды ауызша не жазбаша түрде шығаратын өнер иесі.
Антропология - адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Аң бейнесіндегі өрнектер - діни наным-сеніммен байланысты хайуанаттар бейнесіндегі қиял-ғажайып өрнектер.
Ареал - таралу аймағы.
Аруаң - әулиелер, қасиетті ата-баба, сондай-ақ о дүниелік жандардың рухы.
Ассимиляция - жаңа орта дәстүрін қабылдау, сіңу. Бір халық өзінен үлкен екінші халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады.
Атабек - кейбір мемлекеттерде (оғыздарда, Ақ Ордада және т.б.) тақ мұрагерінің тәрбиешісі.
Әдет-ғұрып жосындары - көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық жүйе.
Әдет құқығы - орта ғасырларда мемлекеттің бекітуімен дәстүрлі түрде қалыптасып, салтқа енген мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Мысалы, «Жеті жарғы» заңдары әдет құқығы негізінде жасалған.
Әмір - мемлекеттің немесе өлкенің билеушісі, монғол жаулап алушылығынан кейін хандық билікке құқықтары болмаған билеушілер, яғни Шыңғысхан ұрпағына жатпайтындар (мысалы, Әмір Темір) өзін өмір деп жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет