Иқта - өз пайдасына салық жинау құқығы бар жер үлесі.
Иқтадар - феодал, иқтаның иесі, иқта үшін қаған пайдасына қызмет етуі тиіс болды.
Кедей - қазақтар арасындағы тұрмысы төмен отбасы.
Кесене - әйгілі адам басына тұрғызылған мазар (мысалы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі).
Кешен (шаруашылық) - шаруашылық немесе кәсіпорындардың бір-бірімен байланысты салаларының жиынтығы.
Конфедерация - әскери, сыртқы саяси және басқа міндеттерді үйлестіру үшін біріккен басқару органдары бар тәуелсіз мемлекеттердің немесе тайпалардың одағы.
Көші-қон - адамдардың қоныс аударуы, тұрғындардың бір жерден екінші жерге ауысуы.
Ксилография - қағаздағы мәтін мен суреттер таңбаларын алуға негізделген кітап басу түрі.
Күй - музыкалық шығарма, қазақ халық музыкасының бір түрі (әдетте домбыраға, қобызға арналған күйлер).
Күмбез - дөңес шатыр, жартышар түріндегі күмбез.
Қара бұдун (сөзбе-сөз алғанда «қара халық») - VІ-ХІІІ ғасырлардағы түрік қағанаттарының негізгі тұрғындары, еркін қауымшы-малшылар, диқандар, қолөнершілер және басқалары.
Қарасүйек - қазақ қоғамының қатардағы тобы.
Қонтайшы - Жоңғар мемлекетінің жоғарғы билеушісі.
Құрылтай - монғолдарда, одан кейін ХІІІ-ХV ғасырлардағы мемлекеттерде және Қазақ хандығындағы ақсүйектер кеңесі, оған Шыңғысхан ұрпақтарының билік етуші әулетінің барлық өкілдері, сондай-ақ тайпа көсемдері енген.
Махалла - ортағасырлық қала орамы.
Мәртебе (құқықтық) - қалыптасқан құқықтық ережеге сай артықшылық жағдай.
Меценат - ғылым мен өнердің, әдебиеттің, сәулет өнерінің қамқоршысы. Көптеген Шығыс билеушілері өз беделін нығайтып, өз билігінің даңқын шығару мақсатында меценаттықпен айналысқан.
Мүлік (мильк) - орта ғасырлардағы дінбасыларының жекеменшік жерлері.
Миссионер - өзге діндегі тұрғындар арасында белгілі бір дінді таратумен айналысатын адам. Мәселен, VІ-ІХ ғасырларда Жетісуда миссионерлердің рөлін соғдылар жиі атқарып тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |