Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Терракота - шағын көзе кірпіш (күйдірілген сары немесе қызыл қыш), сондай-ақ балшықтан боялмай жасалған бұйымдар. Толғама



бет102/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Терракота - шағын көзе кірпіш (күйдірілген сары немесе қызыл қыш), сондай-ақ балшықтан боялмай жасалған бұйымдар.
Толғама (қоршау, орау; тура мағынасында жалмау) - соғыс тәсілінің бір түрі.
Толғау - өлең түріндегі өсиет, уағыз, жыраулар поэзиясында кең тараған ауыз әдебиетінің жанры.
Топоним - жеке географиялық мекеннің (елді мекеннің, өзеннің және т.б.) атауы. Топонимдерді талдау мекендер мен тұрғындардың тарихын білуге, түрлі оқиғалар орындарын анықтауға көмектеседі.
Төре - Шыңғысхан ұрпақтары, сұлтандар.
Транзит - жолаушыларды немесе жүктерді бір бекеттен екінші бекетке қандай да бір аралық бекеттер арқылы тасымалдау; сауда керуені. Мысалы, Ұлы Жібек жолы бойымен керуен саудасы кең ауқымда жүргізілді.
Тұдұн - Батыс Түрік қағанының қол астындағы иеліктердегі өкілетті өкілі, алым-салықтың жиналуы мен оның қаған ордасына жөнелтілуін бақылады.
Тұмар - діни сенім белгісі. Тұмарда тіл-көзден, қауіп-қатерден қорғайтын дұға жазылған; оны адамдар қашан да өзімен бірге алып жүрген. Тұмар бәйге аттарға да тағылған.
Түмен - 10 мың жауынгерлік жасақ.
Түріктену - түрлі тайпалардың, халықтардың түркі тілі мен мәдениетін меңгеруі.
Уәзір - Алтын Ордадағы жоғары қызмет иесі, диуанды басқарған; сондай-ақ бірқатар мұсылман елдеріндегі министр қызметі (мысалы, салжұқтар, Хорезмшахтары мемлекеттерінде).
Ұлыс - мемлекет қарамындағы ірі әкімшілік-аумақтық, әдетте автономдық немесе нақты алғандағы тәуелсіз бірлік (мысалы, Шыңғысхан ұрпақтарының ұлыстары).
Ұлысбек - Моғолстандағы жоғарғы қызмет, ханнан кейінгі екінші адам.
Ұшыр - егіншілерден алынған салық (әдетте астық өнімінің 1/10 бөлігі).
Інжу - тікелей хан әулетінің мүшелеріне тиесілі жерлер.
Фактория - шетел көпестерінің сауда тұрағы немесе кеңсесі (мысалы, XIV- XV ғасырларда Алтын Орда кезінде генуялықтардың Қырымдағы сауда факториялары).
Федерация - белгілі бір деңгейде дербестігін сақтаған, біріккен мемлекеттерден немесе тайпалардан тұратын мемлекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет