Фельс - айырбас мыс монетасы.
Филология - халықтың тіл мен әдеби шығармашылығын, рухани мәдениетін зерттейтін ғылым. Алғашқы белгілі ірі түрік филологы Махмұд Қашғари болды.
Харадж - егіншілерден жиналған салық.
Шағатайлықтар - Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдан тараған әулет.
Шад - Батыс Түрік қағанатындағы қаған әулеті мүшесі.
Шад-тұтұқ - қимақтар тайпасының билеушісі.
Шайбани ұрпақтары - Жошының ұлы Шайбани ұрпақтарының әулеті, оның өкілдері ХV-ХVІ ғасырларда Көшпелі өзбектер, сондай-ақ Сібір хандығында және Мауараннахрда билік етті.
Шариғат - мұсылман құқығы (Алтын Ордада исламды қабылдағаннан кейін «Жасақпен» бірге қолданылды, мұсылман мемлекеттерінде құқықтың негізгі көзі).
Шахристан - ортағасырлық қаланың қоғамдық ғимараттар мен сауда және мәдени мекемелер орналасқан бөлігі. Мемлекеттік қызметтегілер мен жергілікті ақсүйектердің тұрғын үйлері, мәдени және қоғамдық ғимараттар қаланың осы бөлігінде орналасты.
Шежіре - қазақ рулары ататектерінің жиынтығы.
Эволюция - даму, біртіндеп үздіксіз сандық және сапалық өзгеру үрдісі.
Экспансия - елдерді экономикалық немесе саяси бағыныштылықта ұстауға, ықпал ету саласын кеңейтуге, өзге аумақтарды басып алуға бағытталған саясат (мысалы, XIII ғасырдағы монғолдар экспансиясы).
Эпитафия - 1) біреудің қазасына байланысты жазу (көбінесе өлең түрінде); 2) бейіттегі жазу.
Этногенез - халықтың шығу тегі.
Этнография - халықтың материалдық және рухани мәдениетін, тұрмысы мен салт-дәстүрінің ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Этнос - халық (тайпа, ұлт). Ортақ аумақ, тіл мен мәдениет негізінде құрылады, бірінші кезекте адамдардың ортақ этникалық сана-сезімімен (өзінің этносқа қатыстылығы мен оның өзгешелігін сезінумен) ерекшеленеді.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |