Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


XVII ғасырдың ортасынан бастап Орта Азия



бет94/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

XVII ғасырдың ортасынан бастап Орта Азия мен Ресей қалаларында сатып алынған немесе қазақтардың өздері дайындаған зеңбіректер мен мылтықтар пайдаланыла бастады. Деректерде жазылғандай, қазақтар оқ-дәрі жасай білді, қорғасын балқыта алды.
Әр рудың, әр ұлыс сұлтанының және ханның өз туы болды. Тудың саны бір ханда тоғызға дейін жеткен. «Тоғыз тулы хан» деп мықты билеушілерді айтқан. Ортағасырлық авторлардың айтуынша, алғашқы қазақ билеушілері «тоғыз тулы хандар» болған.
Әскерге шақырған кезде әр жауынгер жорыққа мінетін қос ат, әскери қаруымен шығуы тиіс болды. Дешті Қыпшақ көшпелілері арасында шайқас кезінде өлім мен қауіптен қорықпай, атой салып жауына қарсы шығатын ержүрек жауынгерлер көп болған. Көшпелілер шабуыл жасаған кезде толғама (қоршауға алу, аинала қоршау) әдісін қолданды. Бабыр жазбаларында толғама әдісін Дешті Қыпшақ көшпелілерінің «ұрыстағы сенімді тәсілі» ретінде сипаттаған.


§ 57. XVI-XVII ғасырлардағы тарихи әдебиет


«Бабырнама». Түркі мәдениетінің асыл мұрасында көптеген аса құнды еңбектер бар. Соның бірі - Бабырдың (1483-1530 жылдар) «Жазбалары». Ол тарихта «Бабырнама» деген атпен белгілі.
Бабыр «Жазбалары» жанры жағынан мемуарлық әдебиетке жатады. Басты кейіпкер - автор өзінің атынан адамдардан не естігені, өмірде нені көріп, нені бастан кешкені туралы әңгімелейді. Шығарма «Осындай жылдың оқиғасы» т.б. тақырыптармен берілген, бірін-бірі ауыстырып отыратын оқиғалар шежіресі сияқты сюжеттерге құрылған. Туындыда ондаған адамдар есімі, жүздеген үлкенді-кішілі оқиғалар тізбектеліп беріледі. «Жазбалар» дәуірдің өзіндік ерекшелігін қамтып, сол кездегі қоғам өмірін бейнелейді.
«Бабырнама» өз заманындағы тарихи оқиғаларды мейлінше мол қамтыған, ғылыми құндылығы жоғары еңбек. Бұл ғалымдар атақты грек және рим авторлары еңбектерінің қатарына қойған бүкіл ортағасырлық түркі тілдес әдебиеттегі аса бағалы шығарма.
«Тарих-и-Рашиди». Мұхаммед Хайдар (1499-1551 жылдар) дулат тайпасынан шыққандықтан ғылыми әдебиетте оны Мұхаммед Хайдар Дулати деп атайды. Мұхаммед Хайдар Бабыр сарайында тәрбиеленіп, білім алды. Онда ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Сарайда сақталған тарихи құжаттарды, белгілі ғалымдардың еңбектерін оқыды.
Ол жан-жақты білім алып, әдебиетті, ғылым мен өнерді меңгерді. «Көркем жазуға, сурет салуға, жебе дайындап, садақтың адырнасын тартуға, барлығына қолы икемді болды», - деп жазады ол туралы Бабыр. Мұхаммед Хайдар түркі және парсы тілдерінде бірдей еркін жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет