Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 55. XV-XVII ғасырлардағы рухани мәдениет



бет91/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 55. XV-XVII ғасырлардағы рухани мәдениет


ХV-ХVІІ ғасырлар аралығы қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Осы кезеңде әдебиет және музыка өнері жетіле түсті.
Ақын-жыраулар. Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғаулар орындайтындар. Олар хан кеңесшісі және ру басшылары болды. Жыраулар күрделі қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, ел тағдыры туралы толғаулар шығарды. ХV-ХVІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы қазақ мәдениетінің алтын қорына қосылды. Жыраулар жеке қасиеттері, дүниетанымы, шешендік өнері және белсенді азаматтық көзқарасымен қарапайым халық және билеушілер алдында беделді болған. Мемлекет тағдыры шешілер тұста жыраулар хан мен бүкіл халыққа жөн сілтеп, ұсыныстарын айтқан. Оның кеңесін хан да, халық та құптаған.
XV ғасырдың ортасындағы әйгілі жыраулардың бірі - Қазтуған. Ол ерлікті жырға қосып, дала тайпаларының қазақ хандарының қол астына бірігуі үшін күресті.
Тарихта Шалкиіз, Доспамбет (ХV-ХVІ ғасырлар), Жиембет (XVII ғасыр) жыраулардың есімдері кеңінен белгілі. Доспамбеттің толғаулары батырлық пен қаһармандықты дәріптеді.
Шалкиіз жырау Тіленшіұлының поэзиясы отаншылдық тақырыпқа құрылған терең философиялық мәнімен ерекшеленді.
Жыраулық дәстүрді Жиембет (XVII ғасыр) жалғастырды. Ол «Еңсегей бойлы ер Есім» эпостық жырының авторы ғана емес, қол бастаған батыр да болды. Есім хан тұсында ойраттарға қарсы соғыстарға қатысты.
Музыка. ХVІ-ХVІІ ғасырларда ел арасында түрлі музыкалық аспаптар кең таралды. Халық өнерпаздары эпикалық, тарихи, аңыздық және тұрмыстық тақырыптарға ән-күйлер шығарды. Шығарма орындалар алдында қысқаша мазмұны айтылды. Мәселен, бозторғай туралы күйде құс өзінің балапандарын жыланнан қорғайды. Домбыра әуені арқылы оның үрейі, балапандарының аянышты шырылы, жан ұшырған бозторғай қанатының дірілі мен балапандарын құтқару жолындағы құс өлімі суреттеледі.
Ауыз әдебиетінің бай қазынасын халықтың талантты өкілдері - ақын, жырау, суырыпсалма жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізді.
Суырыпсалма қабілеті бар, табан астында өлең шығаратын адамды ақын атаған. Ақындар сонымен бірге ауыз әдебиеті үлгілерін жеткізушілер саналды. Ел арасында нақыл сөз үлгісіндегі лирикалық өлең түрі терме кең таралды.
Ертегілер және эпос ауыз әдебиетінің ерекше жанры болып табылады. Тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы қазақ ертегілері халық өмірін әр қырынан және жан-жақты қамтыды. Халықтың арман-мүддесі, мұң-зары, қоғамдық өмірі мен тұрмысы жайлы мол мағлұматтар береді.
Қазақ халқының ХІV-ХV ғасырлардағы батырлық эпостары - «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б. жырлары ұрпақтан ұрпаққа жетті.
Лиро-эпикалық поэмаларда халықтың өмірі мен салт-дәстүрі жан-жақты сипатталды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырлары шынайы халықтық шығармалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет