Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет25/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
54
Баяғыда бір бай болыпты. Оның үйі қара жолдың бо-
йында, үлкен тұт ағашының қасында екен. Жаздыгүні үй 
іші қапырық ыстық болғанда бай сол ағаштың көлеңкесіне 
төсек салып жатады екен. 
Бірде үлкен жолмен өтіп бара жатқан шаруа сол тұт 
ағашының көлеңкесіне демалуға отырып, ұйықтап кетіпті. 
– Ей, сен кімсің? саған бұл жерде ұйықтауға кім рұқсат 
берді?! тез кет! – деп бай айғай салады.
– мен неге кетуім керек? – деп сұрайды шаруа.
– Ағаш менікі, оның көлеңкесі де менікі! 
– Олай болса, сол көлеңкені маған сат. 
Ақша туралы әңгімені естігенде байдың көзі шоқтай 
жанып: 
– Жақсы, ақшаңды әкел де көлеңкені ала ғой, – деп бір-
ден келісе кетеді. 
сатылған көлеңке 
(
ұйғыр халқының ертегісі
)
түсініп оқы


АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
55
Шаруа көлеңкені сатып алады. Енді тұт ағашының ау-
мақты көлеңкесі шаруанікі болады. Ол сол көлеңкеде жа-
тып демалады. көлеңке байдың ауласына түскенде, шаруа 
сол жаққа барып жатады. көлеңке байдың қонақбөлмесі-
не, асүйіне түсетін болса, шаруа сол жерге барып жатып 
жүрді. Өзінің ағаттық жасағанын түсінген бай ештеңе жа-
сай алмайтынын білді. 
«мен көлеңкені сатып алдым. Ол енді байдікі емес. сон-
дықтан достарымды шақырып, рақатын неге көрмес ке?» –
деп ойлайды шаруа. 
Бір күні байдың үйінде қонақтар отырған кезде шаруа 
да өзінің достарымен келіп қалады. Олар келген кезде 
байдың қонақтары тұт ағашының көлеңкесінде отыр екен. 
Шаруа байдың қонақтарынан орынды босатуды сұрайды. 
таңданған қонақтар бұның себебін сұрайды. Не айтарын 
білмеген бай тілін тістеп, үн шығармайды. Ал шаруа бол-
са, маңғаздана: «Бұл – мына достарыңыздан сатып алған 
көлеңкем ғой. сондықтан кез келген уақытта осы көлеңке-
нің астында демалуыма болады», – дейді. 
Байдың қонақтары оған ұзақ күледі. Ал көшедегі бала-
лар: «сараң бай, көлеңке сатқан сараң бай!» – деп мазақ 
қылады.
мұндай масқаралыққа шыдай алмаған бай қалаға 
көшіп кетеді. тапқыр шаруа тұт ағашының көлеңкесіне 
ғана емес, байдың үйіне де ие болады. 
Аударған – Бибісара Омарова
салыстыр
2. Ертегі мазмұнын өзің құраған ертегімен салыстыр.
3. Қандай ұқсастықтар болды? 
4. сен құраған ертегіде 
көлеңке сату 
туралы ой болды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет