Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет109/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Тарих философиясы
Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылык, жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, аныктамасы жэне мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашылың шабыты арқылы жүзеге асады.
Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мүраттарын іске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің кеңеюі білімнің өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», - деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал — ол мемлекет пен құқ.
Мемлекет пем құқ мәселелері
Фихтенің ойынша, адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өмір сүре алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтіріп отыратын заңдар әрқашанда қоғамға қажет. Осы себепті, Фихте адамзат тарихындағы табиғи, иә болмаса мемлекетке дейінгі сатыны толығынан теріске шығарады. Мемлекет әрқашанда дүниежүзілік тарихта болған.
Бірақ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жоғары тұрған мақсат-мұрат емес, ол - тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғылым мен білімді, өндірісті ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың мемлекетті әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет саласында істеп жаткан шен иелерінің алауыздығы мен жемқорлығын сьнай келіп, Фихте: «Мемлекет — кажетті залымдық, бірақ адамдар Мыңдаған жылдардан кейін адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», - деген пікірге келеді. - Сонда ғана, моральдық жетілудің негізінде нағыз адамның «табиғи ахуалы» дүниеге келіп, мемлекет, құк, шіркеу деген құбылыстар келмеске кетеді, - деп қорытады ұлы ойшыл.
Шамасы, Фихтенің бұл ойлары К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзкарастарына зор әсерін тигізген болуы керек, өйткені олар адамзат тарихындағы болашак коммунистік қоғамда да дін, құқ мемлекет деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп болжаған болатын.
Фихтенің екінші - жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы экономиканы» жасау, адамдардың білім алуға және енбекке деген құқын қамтамасыз ету, сырткы басқа елдермен сауда-саттықты жасауды толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән туғызбаса керек.
Әсіресе, қазіргі өтпелі қоғамдағы үлкен киындықтарды жеңу жолында, Фихтенің кейбір ойларын жандандыратын ахуал қалыптасып жатыр. Біз қоғамды жанарту жолында бүкіладамзаттық қауымның бір бөлігі ретінде «ашық қоғам» болуымыз керек деген тұжырымға жармасып, елдегі көп өндірістер шетелдерден келген тауарлардың кысымына шыдай алмай, тоқтап қалды. Екінші жағынан алғанда, бүкіл сырткы экономикалык байланыстарды өз кұзырына алған бұрынғы Кеңес мемлекетінін өндірісті қандай тұйықтыққа әкелгенін жакын тарихтан жақсы білеміз.
Сонымен қатар «ашық қоғамға» деген ұмтылыс бізді тағы да бодандықтың астыртын түріне, трансұлттық корпорациялардын билеп-төстеуіне әкеліп сокпас па екен? - деген күдік тағы да бар. Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып, қазіргі тұйыктықтан шығатын жолды табуға өз үлесін қосар ма екен деген үміттеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет