Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет212/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

§ 3. Құндылықтар әлемі
Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе, біз құндылықтар әлеміне келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksios — құнды, lоgоs - ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар әлемінің өмір сүруінің терең себептері адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.
Дүниенің екі жағын - материя мен рухты - бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды, біз оны жоғарғы тарауларда көрсетуге тырысқан болатынбыз. Адамның өзі, бір жағынан, дене болса, екінші жағынан, рух емес пе? Дегенмен де кұндылыктар әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар материалдық және рухани құндылықтар. Қайсыбір рухани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни материалдық қабыққа ие болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани құндылықтарды бір-бірінен қалайша айырып алуға болады? Оларды бөлудің негізінде адамдардың сан-алуан қажеттіліктері жатса керек. Қажеттілік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты дамуына керектінің бәрін айтуға болады.
Бүгінгі коғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіліктерін оятып, ең жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпас еді. Өкінішке қарай, материалдық құндылықтарға кұмартқан көпшілік бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр.
Егер қайсыбір жануардың қажеттіліктері оның инстинктері арқылы берілсе, адамның қажеттіліктері оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі бір мүдделерге айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту ақылға сыймайды, ол - тек адамға ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске асыру үшін адам алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соңғыны іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше түрлі қиындыктардан өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда жаңа кұндылықтарға бағыттайды т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет