Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет224/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Технооптимистік көзқарастар өз мәресіне XX ғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бүқаралық нарықты» тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлык халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты, барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда жақын арада-ақ, ҒТР-дың теріс салдарлары да айқындала бастады. Көп елдер экологиялық дағдарысқа үшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала бастады. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылык өсе бастады т.с.с. Әрине, бүл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи қоршаған ортадан жұлып алып, «тастан жасалған джунглиге» қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағүрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды...
Технопессимистер тәндік-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, канағатқа келу мәселелерін көтерді.
Батыста, Рим қаласында, 1968 ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, адамзат алдында тұрған орасан зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде «жарылған бомбадай» дүние-жүзілік қауымға әсерін тигізген «Өсудің шегі» (Тһе Limit оf Growth) деген баяндама 1972 ж. дүниеге келді. Бүл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялык теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе - руханияттылық, әсіресе - адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев: «XX ғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер XXI ғ. ол оған мойын сұқпаса, кұрып кетуі мүмкін», - деген ой тастайды.
Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздырады. Өкінішке қарай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет