Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет48/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Дүниенің жаратылу мәселесі
Августин Дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті бөлек. Өйткені оның жоғарысында «Идеялык әлем» үлгі ретінде, ал төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты. Сондықтан Демиург бір нәрседен екіншіні жасаған ұста сияқты, өйткені материя мен «Идеялар әлемін» ол тудырған жоқ, олар мәңгілік өмір сүріп жатты.
Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып: «Дүние жоқтан (ехnіgіlо - лат. сөзі, еш нәрседен) Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды», — дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың пайда болуының үш жолы бар.

  1. Генерация жолымен (gеnеrаtіо - лат.сөзі, туу, ұрпақ) яғни
    тіршілік өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан бұзау,
    жылқыдан құлын, шешеден бала туады;

  2. Фабрикация жолымен (fаbrісаtіо - лат. сөзі, жасау), яғни
    бір заттан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я
    болмаса үйді жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.

  3. Жоқтан барды тудыру (сгеаtіо - лат. сөзі, жарату) яғни өз
    денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол - тек Құдайға
    ғана тән нәрсе.

Адамға келер болсақ, ол бірінші және екінші жол арқылы өмір сүреді, өз-өзін тудырып, табиғаттағы заттарды өзгертіп, өзіне лайықты керек нәрселерді Дүниеге әкеле алады.
Бірақ ол нағыз жаратудың не екенін білмейді, ейткені оның өзі жаратылған, олай болса, мәңгілік емес.
Олай болса, адамдардың тудырған заттары мен Құдайдың жаратуының арасында шексіз айырмашылық бар. Өйткені Құдай бұрынғы-соңғы болмаған нәрселерді Дүниеге әкеледі. Бұл Құдайдың «өлшемсіз сыйы», өйткені ол еш нәрсені талап етпейді, ол оның құдіретті еркінің, игілігінің туындысы.
«Құдай қаласы» деген еңбегінде Августин: «Біз жаратушы деп бақты өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек кана Құдай - барлығын жараткан, әртүрлі жолмен өзін солар аркылы көрсеткен... Егер ол болмаса, онда еш нәрсе болмас еді», -дейді.
Дүниені жарату жолында Құдайдың ойының алатын орны ерекше. Августиннің айтуынша, «идеяларды мойындамау - Дүние ақыл-ойсыз жаратылды дегенмен тең... әрбір заттың өзінің идеясы, негізі бар. Ал идеялардың бәрі қайда, егер Жаратушының ойында болмаса?» - деген сұрақпен Августин бұл мәселені қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет