3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз Дүниеде болулығы мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірдеңе Дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса, Дүние-дегінің бәрі де бір күні жоқ болуы мүмкін. Олай болса, біз шынайы, бейболмысқа өтпейтін мәңгі Құдайды қажет етеміз.
4. Сатылық арқылы дэлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі
сатыдағы кемеліне, игілігіне, сұлулығына келгендерді көреміз.
Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз,
бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, сұлу, игінің қажет екенін талап
етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі - ол Құдай.
5. Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу.
Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі-бір сананың, еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны естен шығармауымыз керек. Олай болса, бүкіл Дүниеге мақсат берген саналының бар екенін мойындауьшыз керек. Ол - Құдай.
Онтология (болмыс) мәселелері
Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің «потенция» және «акт» деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да, болмауы да мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. «Таза потенциалдық» — ол материя, болмыстын ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандык, кемеліне келгендік. Актуальдық – ол форма (бітім), сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағына бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан ол -- таза акт (шындык), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. «Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды», -деген пікір айтады. Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін, XX ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние өзінің ішінде орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады), потенция-шындықтың толқыны, қай толқын дүниеге айналады, ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор, олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - оптимистік философия. Өйткені біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып, көз алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып қараймыз, өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізді, табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға тырысамыз.
«Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (Жаратушы біреу ғана, ол - Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсак, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдыктың түп-тамыры жатыр», - дейді Фома Аквинский.
Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін – бәрін біледі. Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен құралы емес.
Бірақ Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытып кетуі мүмкін.
Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |