Джон Локк (1632-1704 жж.) - XVII ғ. философия ғылымына зор әсерін тигізген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде философияға көп көңіл бөлген тұлға.
Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар» т.с.с.
Онтологиялық мәселелер
Өзінің Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжірибе арқылы зерттелетін заттарды эмпирикалық субстанция дейді. Сонымен қатар ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады, оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.
Материя - орасан зор өлі кесек, ол өзінің күшімен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлі материя оның сыртында тіршіліктен де соншалықты алыс.
Онда дүниедегі қозғалысты, тіршілік әлемін кім тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж.Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. «Осы жоғарыдағы көрсетілген қозғалыс пен тіршілік Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды. Бірінші, мәңгілікті ойлайтын пенде жаратылған өлі материяның кейбіреулеріне белгілі бір дәрежедегі сезім, қабылдау және ойлау қасиеттерін беру мүмкіндігінен ешқандай қайшылықты көріп тұрған жоқпын», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен Құдай жараткан Дүние әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде дамиды.
Ал Құдай мәселесінің өзіне келсек, ол жөнінде бір нәрсе айту өте қиын, әсіресе, оның денесі бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Бірақ оның өмір сүруінде күмән жоқ. «Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдіретті күш соншалықты көрініп тұр, сондықтан кім ол жөнінде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды», - дейді ұлы ойшыл.
- Сонымен Құдай идеясына адам ойлау тәжірибесі арқылы жетеді, әрі қарай ойлау арқылы біз Құдайдың шексіздігі мен мәңгілін аша аламыз, - дейді Дж.Локк.
Гносеологиялық мәселелер
Өзінің таным теориясында Дж.Локк сезімдік танымды (сенсуализм) білімнің кайнар көзіне жатқызады. Сондықтан ол «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандай да болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», - дейді Дж.Локк. «Туа біткен білімді» сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып койған қоғамдардағы адамдардын психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады.
Мысалы, «бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден туады. Ал «тепе-теңдік» заңымен «кайшылық заңын» алсақ, балалар бүл заңның не екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан-дүниемізге туа бітсе, онда оны сәби де, жас жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж.Локк.
Дж.Локктың ойынша, қайсыбір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін. Сондықтан біздің жан-дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бізбен бірге туа келмейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады.
Ұғымдар сиякты, моральдық нормалар да шынайы өмірде бірте-бірте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмірдің өзгерістеріне сэйкес өзінің мән-мағынасын жетілдіріп отырады. Әртүрлі халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас емес, бүл деректердін өзі бүкіл адамзатқа тән туа біткен моральдык құндылықтардың жок екенін көрсетеді. Адамдардың ізгілікті, жаксылықты жақтауы оның туа біткенінен емес, негізінен, онын пайдалығында жатыр, - дейді Дж.Локк.
Сонымен егер адамның жан дүниесінде ешкандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны «таза тақта» (tabula rasa) ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж.Локк сезімдік тәжірибе (sensation) дейді.
Ал адамның ішкі рухани өміріндегі тебіреністерді, неше түрлі қиял, идеяларды қайда жібереміз? Әрине, Дж.Локк оларды теріске шығармайды. Ол оның бәрін терең ішкі тәжірибе, сезім, ой-өрісі ретінде қарайды да, оған рефлексия (reflection - бейнелеу) деген ат береді. Егер сыртқы тәжірибеден алған идеяларға біз көзбен көру, құлақпен есту, иісті сезіну т.с.с. арқылы келсек, ішкі тәжірибе адамның өзінің ішкі ой-өрісін талдау арқылы келеді.
Ал енді осы екі тәжірибенің қарым-катынасы қандай? Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сырткы тәжірибе алғашқы, әсіресе адамның сәбилік және жастык уақытында, негізінен, сыртқы тәжірибе басым болып, оның психологиясының қалыптасуына шешуші рөл атқарады, әрі карай жүре келе, адамның әлеуметтік құрылымындағы орнына байланысты оның ішкі тәжірибесі: оның Дүние жөніндегі ойлары, үміті, күмәні, сенімі, куанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбір адамдардың ішкі рухани өмірі ерте, кейбіреулерде өте кеш оянады. Ал уақытында дамымай қалып, надандықтың шеңберінен шыға алмағандардың тіпті ішкі өмірі оянбауы да мүмкін деген ойға келеді Дж.Локк. Мұндай терең пікірмен, жалпы алғанда, толығымен келісуге болады.
Сонымен қатар Дж.Локк терең ойшыл ретінде бұл мәселеге біржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, ішкі тәжірибенің дербес өмір сүре алатынына да біздің назарымызды аударады. Өйткені ішкі тәжірибе тұрақтылығы мен өзінің мәнділігі жағынан дербес өмір суре алатын дәрежеге көтеріле алады.
Екінші жағынан алғанда, адамның ішкі өмірінің қалыптасуына оның туа біткен табиғи дарындары да зор әсерін тигізеді. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжірибеге тәуелді емес Және адамның іс-әрекетін , мамандығын таңдауда шешуші рөл атқарады. «Біркелкі тәрбие алған адамдардың әртүрлі қабілеттерінің бар екенін байкаймыз», - деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында біз сырткы тәжірибемен катар ішкі тәжірибені де дамытуымыз керек. Бұл пікірмен тағы да келісуге болады.
Сонымен Дж.Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде біз Дж.Локктың «идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж.Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді.
Сыртқы және ішкі тәжірибені бір-бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж.Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды. Енді соларға мінездеме берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |