Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет74/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы
150235, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, 2 сынып КТЖ, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, Задание по теме №3, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 6-Тақырып практика каз, аргын, Занятия №4 вопросы, МВР реферат, 3 лабораториялық жұмыс, лабка3
Рефераттар тақырыбы:
Қайта өрлеу заманы философиясындағы гуманистік ағым.
Николай Кузанский Қайта өрлеу заманының көрнекті философы.
Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси қөзқарастары.
Н.Макиавеллидің саясат пен моральдың қарым-қатынасы жөніндегі көзқарастары.
Діни реформация Қайта өрлеу заманындағы рухани өзгерістердің айқын көрінісі.
Л. да Винчи - Қайта өрлеу заманындағы жан-жақты дамыған
тұлға
Н.Коперниктің ғылымда жасаған төнкерісі.
Дж.Бруно және оның философиялық көзқарастары.
Протестанттық этика және оның маңызы.
Қайта өрлеу заманындағы фатум жэне фортуна мәселелері.
Ойланыңыз:
Фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский).
Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі - менің кедейлігім. (Н. Макиавелли).
Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында зерттеулер, соңында білместік жатыр. (М.Монтень).
Сен өздеріңнің қағидаларыңмен Дүниені төңкеріп тастағың келеді, - дейді біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл Дүниені төңкергеннің несі жаман. (Дж.Бруно).
Адам - көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла).
Қандай қиындык болса да, өмірден бас тартпа. (М.Монтень).
Білімге деген іңкәрліктен артык батылдық жок. (М.Монтень).
Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп, олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен кысылған жоқсың, сондықтан өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай аласың. (Пико делла Мирандолла).
V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық
философия
Кіріспе сөз
XVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалы, коғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь каласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англияда «Лондондағы корольдық қоғам», Парижде «Жаратылыстану академиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негіздерін жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.
Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген кұқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің аракатынасы бұрынғыдай «қос акиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік (deus - латын сөзі, құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниені жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан кейін жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай тағала оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуі қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет