Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет43/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Алғашқы тектік күнә, оның салдары және одан құтылу -алтыншы ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам шайтанның «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар» деген ақылын тыңдап, күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның жасаған күнәсі бүкіл адамзат күнәсіна айналды, сонымен «өлім адамдың тағдарының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (апостол Павел ).
Сонымен алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін құдайдың қолдауы керек; бүл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен канша алшақ тұр десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар, олар жан-дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жанарып отыратына сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы өздерінін ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына күмән келтірмеген. Ал Орта ғасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз күнәліктің шеңберінен шыға алмайтьшына сенеді.
Жетінші ерекшелік - Рухани сенімнің дүниеге келуі.
Гректердің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылданатынның бәрі - жалған, өтпелі, өзгергіш т.с.с. сондықтан олар ақыл-ой арқылы (ерікіете) Дүниені тану, игеруге көп көңіл бөлді. Орта ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның әр жағында сенімнің бар екендігін мойындайды. Сонымен адамның үшінші өлшемі ашылады: егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір оған рухани сенім қосылып, «дене-жан-рух» адамның үш құрамды бөлігіне айналады.
Сегізінші ерекшелік - Құдайдың сүйіспеншілігі.
Егер Гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса, Орта ғасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») ол адамның жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол Құдайдың адамдарға түсуі. Ол адамдарға берілген сый және ол қайырымды талап етпейді.
Егер гректердің ойынша сүйетін — адам болса, жаңа рухани ахуалда - ол Құдай, оның сүйіспеншілігі - риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, кемтарды да – бәрін сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, бірін-бірі сүю керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз - ол сүйіспеншілік. Христиан діні жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет