Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі



бет75/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.
Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері — ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің кажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы — тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері - оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф. Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы кажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, акыл-ойға - философия.
Тарих ғылымын Ф.Бэкон екіге бөледі. Олар - жаратылыстану тарихы (historia naturalis), екіншісі - азаматтық тарих (historia civilis).
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екіге бөледі. Олар - теоретикалық жэне практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрын-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық философия (philosophia civilis) зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет