Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Сурет 3. Оқыту мен тәрбиенің ара қатынасы



бет20/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

Сурет 3. Оқыту мен тәрбиенің ара қатынасы

232


Қазіргі тандағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі тандағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Элъконин, С.А.Смирнов) еректпе атауға болады.

Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды.:

- қиыншылықтың жоғарғы деңгейіңде оқыту;

- бағдарламалық материадды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;

- теориялық білімнің жетекші маңызды ролі;

- оқшылардың оқу процесін ұғынуы;

- барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.

З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, тиімді өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі. Тиімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова тиімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі - жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әркетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:

- ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;

- ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;

- мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;

- ойдың жүйріктігі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігіңде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны. З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойьшша, дамудағы оқыту төмендегі дидакгикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:

а) оқытудың мәселелігі;

ө) оқьггудың жекелігі және даралығы;

б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы теориялық) үйлесімде дамуы;

в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;

г) есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.

Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, озі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар

233

байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.



Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:

1. Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;

2. Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;

3. Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.

Сонымен жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар жалпы психиканы дамыту мақсатында оқушылардың психикалық қызметін (негізінен ойдың) дамытумен (Л.В.Занков), шығармашылық ойын дамытумен (З.И.Калмыкова) немесе ойлау операцияларын қалыптастырумен (Е.Н.Кабанова-Миллер) байланысты. Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған.

Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі - оқушыларды оқу ынтымақтастық дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың ынтымақтастығы негізінде жасалады. Ол оқу бірлестігіңдегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:

- өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиімдендіреді);

- баланың танымдық инициативасы;

- жаңа білімге нақты сұраныс жасау.

В.В.Давыдовтың Д.Б.Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесіңде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші окушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогоикалық процестің негізгі мақсаты ретіңде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру

234


үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:

- оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;

- сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;

- оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру. Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой белсенділігін) дамытуға ерекше көңіл аударады.



Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras - зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) - балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын дамып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

1. Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық);

2. Практикалық (нормативтік, құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан, құбылыстың мәніне жақын белгілі бір тобын білдіреді, екінші жағынан, сол

235

ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.



Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:

- философиялық категория: "мән мен құбылыс", "байланыс", "жалпы және жалқы", "болмыс", "сана", "тәжірибе" және т.б.

- педагогиканың жалпы ұғымдары: "педагогика", "тәрбие", "педагогикалық іс-әрекет", "педагогикалық ақиқат" және т.б.

- дидактиканың жеке ұғымдары: "оқыту мен оқу". "оқу пәні", "оқу материалы", "оқу жағдайы", "оқыту құралы", "оқыту тәсілі", "мұғалім", "оқушы", "сабақ" және т.б.



- пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық ( ("қабылдау", "меңгеру", "ақыл-ойдын дамуы", "есте сақтау", "іскерлік", "дағды"), кибернетика ("кері байланыс", "динамикалық жүйе" және т.б.);

- жалпы ғылыми ұғымдар: "жүйе", "құрылым", "қызметі", "элемент", "тиімділік", "жағдай", "ұйым", "формалау" және т.б. (4 суретті қараңыз).

Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы "дидактика"терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфгант Раткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, "бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері" мағынасында,чех педагогы Я.А.Коменскивдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі "Ұлы дидакикасында" дидактиканы түсіндіреді.

Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци,

А.Дистервег, КД.Упіинский, Д.Дьюи, Г Кершенштейнер, В.Лай

жөне т.б. зор үлес қосты.

Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта солардың ішінде педагогикалық әсердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.



236



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет