Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрактар



бет28/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрактар

1) "Мектепті басқару" ұғымы нені білдіреді?

2) Мектепті басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

3) Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1) Әртүрлі оқулықтар бойынша "мектепті басқару" ұғымының түсіндірмесін оқып шығыңыз.

2) Мектепті басқару мәселесінің қазіргі әдістемелерін талдаңыз, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

3) Жаңашыл мектептің басқару тәжірибесін талдап, қортындылаңыз.



Әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. А., Мектеп, 1984,

2. Афанасьев В.Г. Научное управление обществом: Опыт системного анализа. М., 1973.

3. Файоль А. Общее и промышленное управление. М., 1992

400

4. Каракулов К.Ж. Школоведение. Алматы: Ғылым, 2005



5. Альмухамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Методическая работа с педагогическими қарами: подходы, проблемы, поиски, решения. Алматы, 1999.

6. Бабанский Ю.К. Методическая работа в школе. М., 1986.

7. Бейсенбаева А.А., Мендигалиева Г.К. Теоретические основы интеграции и практики в инновационных типах школ. Алматы, 1999.

8. Конаржевский А.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школой. М., 1988.

9. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методологи, теория и практика формирования. Алматы, 2000

10. Хайруллин Г. О понятийном аппарате педагогики // . Педагогика. 1991, № 5.

11. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

12.Худоминский П.В. Методическая работа в школе. М., 1979.



Реферат тақырыптары

1. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру.

2. Қазіргі заман мектептеріне басвдылық ету мәселелері.

3. Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі рөлі.

4. Қазіргі заман мектебінің директорына тән мінез-құлық қасиеттеріне сипаттама.

5. Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты.

401

3.3. Мектептің /сыныптың/ оқу-тәрбие процесінің

диагностикасы - басқару негізі



Мақсаты: басқару сапасын көтеру негізінде педагогикалық процестің диагностикасы туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «педагогикалық процесс диагностикасы», «педагогикалық ақпарат», «педагогикалық процестің сипаттамасы» /ауыспалы/, «педагогикалық процестің көрсеткіштері» атты негізгі ұғымдарына анықтама беру;

ә) басқару негізі ретіңде педагогикалық процестің мәнін ашу;

б) педагогикалық ақпарат түрлері және оның сұрыпталу жағдайын талдау;

в) педагогикалық процесс және оның көрсеткіштерінің негізгі сипаттамаларын айқындау.

Жоспар:

І.Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диагностикасыньщ мәні.

2. Педагогикалық ақпараттар.

3. Негізгі сипаттамалар /ауыспалы/ және педагогикалық процестің көрсеткіштері.



Негізгі ұғымдар: педагогакалық процесс, педагогикалық процесті басқару, педагогикалық процестің диагностикасы, педагогикалық процестің сипаттамасы /ауыспалы/, педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Пәнаралық байланыстар: философия, психология, әлеуметтану, оқыту әдістемесі.

Басқару негізі ретінде - педагогикалық процесс диагностикасының мәні. Ұстаз еңбегі психологиялық - педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді.

Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайыңдағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысымен кезендер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің /сыныптың/ педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.

402

Білімнің қай саласыңда болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзкарас тұрғысынан берілген. Сондықгаңда педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылырдың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.



«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді /бұл ғылымға ортақ термиң/. Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды /Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулава, Б.П. Макарова, Б.П. Битинас, В.П. Симонов және т.б./. Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.

Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық /оқу-тәрбие/ процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: «сипаттама үшін аса қажет білім; мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп—салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіңдіктерін айқындау» /В.К. Омарова/.

Педагогикалық ақпараттар. Басқару нысаны туралы мәлімет -мектептің /сыныптың/ педагогикалық процесінде, отбасында қашанда әрқилы. Сол себепті ақпараттың педагогикалық мәнін екінші кезекті не оған қатысты жақтардан бөле білу қажет. Педагогикалық ақпараттар-басқару нысаны туралы әрқилы мәліметтер шектеу. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар, олар мына төмендегілер:

- ақпарат ұзақ мерзімді /жылдық, жарты жылдық, тоқсандық/ перспективті

жоспарлардың негізін құруы тиіс;

- ақпарат мұғалімге жекелеген оқушылармен, сынып ұжымымен жұмыс

жүргізудің міндеттерін ретгеуге мүмкіңдік тудыруы қажет;

403


- ақпарат оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын сұрыптаудың

негізін салуға лайық болуы шарт;

- ақпарат мұғалімді іс-әрекеттің қандай түрін оқушылармен ұйымдастыру

керектігіне және ол іс - әрекет оқушыларды неге үйрететінін түсінуге

жеткізуі тиіс;

- ақарат әр бір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға

қызмет ету керек.

Бұл жағдайлар сақталса ғана, ақпарат басқару нысаны мен құршаған әлем туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге мүмкіндік тады. Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:

1. Бастапқы ақпарат, ол окушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде /1-3 жыл және одан да көп/ қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі /сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары/ педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.

2. Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын /жекелеген шаралар өткізу/ дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезенді өткізу /сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу т.б./ педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіңдіктерін көрсетеді.

3. Жедел /ағымдағы/ акпарат, ол алдыңғы екі түрлі толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқы мерзім бөлігінде /күн, апта/ толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады /оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдаяда көмек көрсету, т.б./.

Мынаны түсінген абзал: ақпараттар сипаттамасы көбеңген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізіне алынады. Сонымен педагогикалық ақпарат дегеніміз-тануға керекті нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.



Негізгі сипаттамалар (ауыспалы) және педагогикалық процестің көрсеткіштері. Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері: оқушылардың үлгерімі, оқушылар ұжымының қалыптасқандығы, окушылардын қоғамдық (әлеуметтік)

404


белсенділігі, оқушылар отбасының әлеуметтік психологиялық портреті, психологиялық ұжымның жәй-күйі (Хмель Н.Д.).

Педагогикалық процестің аталған бес сипаттамасының (ауыспалы) әрқайсысының бірқатар көрсеткіштері бар, олардын негізгілері төмендегідей:



1. «Оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгірімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі, тақырыбы бойынша); оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.

2. «Оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамасының көрсеткіштеріне мыналар жатады: сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оңашаланған» балалар пайызы, теріс тәрбие алған балалар пайызы; қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.

Бұл сипаттама бойынша материалдарды талдау сынып ұжымы ішіңдегі тұлға аралық қатынастар, белсенділердің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол алады. Тәжірибе көрсеткендей, ұжым неғұрлым ұйымшыл болса, солғұрлым ондағы формальді емес көшбашылардың сәйкестік пайызы жоғары, «ешкіммен араласпайтын» балалар аз болады, демек, «қиын балалар» да аз.

3. «Оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі» сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы, өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы; міндеттердің сйпаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік,, тағы басқа); есеп беру түрі және қоғамдық міңдеттің орындалуы туралы есеп беруді кім қабылдайтыны (мұғалім, сынып жетекшісі, сынып, сынып белсенділері).

Бұл сипаттама көрсеткіштерін «оқушылардың үлгерімі», «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамаларымен өзара байланыста зерттегенде анықталады: қоғамдық белсенділік жоғары болған сайьш, оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі де, «үлгерім» сипаттамасының барлық көрсеткіштері де жоғары болады.

4. «Оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері: отбасы құрамы (толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы (кітап оқуы, көңіл көтеруі, бос уақытын өткізу түрі); толық емес отбасынан шыққан окушылар пайызы; сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы

405

Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені, мектептің педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз байланысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттары сәйкес келеді, себебі, отбасы - қоғамның кішкентәй «ұясы», бірақ отбасы мен мектептің міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің мамандығы педагог болмауы мүмкін. Сондықтан, мектептің педагогикалық процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған сипаттаманың жоғарыдағы барлық көрсеткіштері бойынша жағымды нәтиже алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек.



5. «Педагогикалық ұжымның жағдайы» сипаттамасының көрсеткіштері: мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін осы заманға лайық ұға білуі; педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; оқушының отбасымен жұмыс істеуге дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайындық, мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы.

Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары (ауыспалы) , бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, оқушы әрекетінің өнімін зерттеуді, сауалдаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды, бақылауды, әңгімелесуді, социометрлік талдауды, әр түрлі диагностикалық карталар толтьфуды, тестілерді, т.с.с. кешенді түрде пайдалану қажет. Педагогикалық зерттеу әдістерімен алынған мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни, уақыт жағынан бөлек нәтижелерді (үлгерімнің диагностикалық «кесінділер», сыныпттағы жылына екі реттік социометриялық зерттеулер, т.б.) салыстыру керек. Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті әр түрлі кезендерінде жөнге келтіруге, сондай-ақ, мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарының барлық түрлерін түзетуге негіз болып табылады. Педагогикалық процестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымы оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді (1 суретті қараңыз).

Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қәзіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықган, казіргі мұғалімнің жетекші

406



Сурет 1. Басқару іс-әрекетін жасау үшін педагогикалық процестің

жүйелілігін талдау жағдайы

407

мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды (ауыспалы) және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет