Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ



бет18/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

2)Оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.

3)Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.



4)Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл - ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.

5)Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.

226


6)Оқытудың топтық және жеке тәсілдері принципі; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайды. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін принциптері ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.

Бихевиризм және прагматизм - оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл - ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген зандылықтардан шығады.

Жаңа бағыттардьщ ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Брунер (АҚШ) жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Брунердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Брунердің пікірі бойьшша, белгілі бір тақырып бойъшша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.

Педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан практикалық принципі қазіргі тандағы дидактиканың төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:

1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды (гносеологии).

2. Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі тандағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өз беттерінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсеңділіктерінің, педагогикалық басқарудың саналы үйлесімділігінде.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-

227


әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруте болады.

Ғалым объективті жаңаны, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандай да бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.

Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқытушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. Ғалым мен оқушы танымның арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл үрдістер негізінен ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.

Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережслерді біріктіреді: танымның жалпы өдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік жөне субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектсудік және шамалық; қарама-қайшылыктың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалык принциптер (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным принциптері).

Осы қағидаларға сүйене отырып, мына инварианттық тұрғыдан басшылыққа алу қажет (2-сурет).

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің "Адам тәрбие пәні" атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

228


Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;

Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі ұғымдар енгізідді: - даму - бұл организмнің жүйке жүйесінің, психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің кәріпісі;

- оқыту - қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі

- Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлтгық, көпқырлы дөстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.

229




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет