Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ



бет5/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. /модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру/. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,

- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық - адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылыньщ деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік - бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір

77

адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.



Психологиялық жағынан караусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.

Мектеп оқушысьшың жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушы-лығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогиқалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник - еті тірі; флегматик -жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик - ойлы, терең толғанысты/.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.

Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-катынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншьшықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.

78

Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар



1. Окушының "дамуы", "тәрбиесі" және "жеке тұлғалық қалыптасуы" деген түсінікті ашындар.

2. Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне байланысты кезендерге сипаттама беріндер.



3. Білім беру және тәрбие беру процесінде балалардың жас мөлшерінің және жеке дамуынын зандылығын есепке алудың ерекшеліктері қандай?

4. "Индивид", "вундеркинд", "акселерация" деген ұғымдарды анықтандар.

5. "Дарынды" және "педагогикалық жағынан қараусыз қалған" деген терминдерді қалай түсінесіндер?

6. Педагогикалық процесте жеке ерекшеліктерді есепке алудың ерекшеліктерін көрсетіндер.

Әдебиеттер

1. Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.



2. Караковскии А.П. О подростках М., 1970.

3. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. Алматы, 1994.

4. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992.

5.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.

6. Щербаков А.И. Психологические основы формирования личности. М.,1967.

7. Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.

8. Юсупов И.М. Психология взаимопонимания, М., 1980.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма

1. "Жас мөлшерін кезеңдерге бөлудін бүгінгі жағдайы және педагогикалық процесс"

2. Бақылау жасау арқылы бастауыш сынып жасындағы балалармен, жеткіншектермен және жоғары сынып окушыларымен /жас мөлшерін әркім өзі тандап алсын/ педагогикалық жұмыс жүргізудің идеясы жөнінде материал жинақтап, оны сипаттап жазындар.

3. Мектеп окушыларының типологиясын сипаттандар.

79

Реферат тақырыптары

1. Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезендері.

2. Бастауыш сынып жасындағы балаларға сипаттама.

3. Мектеп оқушысының жеткіншек шағы.

4. Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі табиғи мүмкіндігі.

5. Мектеп оқушысының жеке тұлға ретінде дамуының әлеуметтік жағдайлары.

6. Мектеп оқушысының жеке тұлға регіндегі өзіңдік ерекшеліктерінің сипаттамасы.



7. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі акселерация проблемасы.

8. Қазіргі мектептерде оқытудын үйлестірілуі және жеке ерекшеліктерді есепке алу.

9. Мектеп оқушысының өзіндік қабілеті.

10.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіңдегі әлеуметтік жағынан өсіп-жетілуін тәрбие процесінде есепке алу.

80

Екінші модуль. Тұтас педагогикалық процестің



теориясы мен практикасы

2.1. Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс - әрекетінің объектісі



Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.

Міңдеттері:

а) "Объект " және "пән" деген ұғымдардың мәнін ашу.

б) Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету.

в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.



Жоспар:

1. Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің объектісі ретінде.



2. Педагогикальгқ процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.

3. Қарама - қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.

Негізгі ұғымдар: объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік

жүйелер, "ұстаздар-оқушылар" жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.



Пәнаралық байланыстар: философия, психология, жүйелердің теориясы, басқару теориясы.

Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінін обьектісі.

/Адамның қандай да болмасын іс - әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс - әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»' Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім "сананың біртұтастық объектісі" болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс - әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

81

Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол "оқу-әдістемелік" құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс - әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.



Диалектикалық - материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс - әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс - әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс - әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.

Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс - әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс - әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:

-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас

педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін

емес (В.С. Ильин);

-мұғалім іс - әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға

бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);

-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық

еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);

-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас

педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.

Кондаков);

-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару

шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі

дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);

Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың

82

тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.



Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі

(А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр — ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастыктың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдаута көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Көрсетілген әдістің жасау ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын

83

және оны нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық және жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетті.



Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттын басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялык талдау заттық нактылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).

Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай ("кереге көзсіз") генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.

Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік "кереге көзі" қарастыру арқылы оны модель ретінде құрастыруға болады. Негіз болатын абстракцияда ("кереге көзі") ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: а) өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы э) басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақгьшы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі, соңы болады,бұдан әрі құбылысты кеселсіз сай бейнелеуге мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілтен абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негізі (М.М. Розенталь).

Элементарлық бірлікті ("кереге көзді") марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер, оның әртүрлі объектілеріне қатысты, ат салысты.

(Н. Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақга бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушьшар қойьшатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты

84

бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген қисынына ие бола алмады (М.А. Данилов).



Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама - қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.

Педагогикалық процестін белгілері, сапалары мен қасиеттері.

Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның "кереге көзі" бастапқы абстракция болып "қалыптасудың қас қағым сәті" (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама - қайлықгардың ерекшеліктеріне.

Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.

Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс - әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, "қалыптасудың қас қағым сәті" арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз).



Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің

85


Суреті.1. Педагогикалық процесте тұлғаның қалыптаса басталуы

I — педагог

II — сынып ұжымы

III — қосаркы сыныптарының ұжымы

IV — жалпы мектеп ұжымы

заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс - әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.

Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс - әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс - әрекет тәсілдерін ала алмайды ("бұны қалай істеуге болады"). Сондықтан ол басқа "ұстаз — оқушы" жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін - өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым - қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа "оқушы -оқушылар" жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы ұжым сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И. Кон).

Барлық мәдени байлықтарды және іс - әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім "сынып ұстаздары"



86

элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе "сынып ұстаздары" "сынып оқушылары" пайда болады.



Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігіңде көптеген іс - әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе "мектеп ұстаздары — мектеп оқушьшар коллективі" қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, "мектеп-оқушылар" жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайыньщ өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады (2 суретгі қараңыз).

Сурет 2. Педагогикалық процесстегі негізгі элементтердін байланыс моделі

Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан ("қалыптасу қас қағым сәті") бірінші деңгейдегі жүйеге (адам) көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:

-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері арқылы өмір сүреді;

-мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық

құбылыс, себебі ол өзіне кейінгі деңгейдегі жүйелерді "жинайды;"

-жүйе тек іс - әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар

әртүрлі іс - әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда

оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді

қатысушылары болады, тек репродуктивті ғана емес, қайта кұру

творчестволық белсенділікке дайын болады;

-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың

іс - әрекеті болады;

-іс - әрекеттің барлық элементтері ( мақсат, міндеттер мазмұны және

т.б. ) жүйе компоненттері болады, себебі іс - әрекеттің элементтерін,

бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың,

ұстаздардың іс - әрекеті осыған бағытталуы керек;

87

педагогикалық процестеп мұғалімнің басқару заты іс - әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі. (3 суретті - біртұтас педагогикалық процестің графикалық моделін қараңыз).



Педагогикалық процестегі басқару катынастарынын қабаттары

Сурет 3. ТПП окушы тұлғасының орны

II — Пән мұғалімі

III — Сынып

IV — Параллель сыныптары

V — Мектеп

Көрсетілген белгілер негізінде келесі анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс - әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушьшар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді.

Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны тұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттерінде көрсетеді: педагогикалық

88

процесс әлеуметті жүйе оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған



қатысушылардың арасындағы іс -әрекеттері алмасуымен анықгалады;

ынтымақтастық оқушы ( тек қана ұстаздармен ғана емес,

мұғалімдермен, бір- бірімен де) үшін әртүрлі іс - әрекеттердің

тәсілдерін тезірек меңгерудің , яғни педагогикалық процестегі іс –

әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады; "ұстаздар —

оқушылар" жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі

әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат

пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;

педагогикалық процестің негізгі интегративтік қасиеті әртүрлі

тектегілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара

қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасының

қалыптасуына әсері іс - әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен

оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.

Объектінің (педагогикалық процесс) сапасы онын қасиеттерінде

көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіңдік ерекше.ліктерінен

айырылады:

белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың

барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс –

әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы

мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда

болатын әртүрлі қарым - қатынастарының жиынтығы.

Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттері қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс - әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса,онда "ұстаздар — оқушылар" жүйесінің тұрақтылығымен өзін - өзі дамыту мәселесі шешіледі.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет