Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ



бет7/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
98

Философияда зандар мәселесі жаңа емес. Ежелгі Шығыс және Грецияның философтық жүйелерінің өзінде-ақ, «заң» терминін қолданбасада, осы феноменге деген өзінің көзқарастарын қалыптастырған болды, олар

«заң» деп әлемнің өзіне іштен тән обьективтік тәртібін, барлық заттардын табиғи даму жолдарын түсінді.

Екі мың жылдық өткен соң Д. Бруно «табиғат заңы» ұғымын алғашқы рет пайдалаңды. Бірақта ұғымның кең қолдануы Декартқа жатады, ол заңға екі атрибут — мәңгілік және тұрақгылық тән деп санады. Яғни, егерде объективті шындықтың бұл саласы орынды болса, онын зандары мәңгі және тұрақгы, адамдар ерігіне тәуелді емес - объективті. Мысалға бет бұрайық: материя бар және материя мен энергияның сақталу заңы бар. Жер үстінде өмір, және ассимиляция және диссимиляция заңы бар.Ғаламда денелер бар және әлемдік салмақ заңы бар.

Жаңа дәуірде «заң» ұғымын жете зерттеуімен әр түрлі философиялық жүйелердін өкілдері шұғылданды. Ф.Энгельс өзінің «Диалектика природы» деген еңбегінде адамдар, зандардың әрекетін өздерінің бақылауларында әлдеқашаннан белгіледі және соңы тәжирибені жетілдіруде қолданды

деп айтып өтті /8/. Сондықтанда ғылыми заңдар бірден ашылмайды, ал ашылғандар сол заттық саладағы жаңа білімдерге байланысты анықтала береді. Жеткілікті көрнекілік мысал — химияда Д.И. Менделеевтің периодты заңының анықталынуы.

Жалпы философиялық бағытта «заң универсумның козғалысындағы мәннін бейнесі» /9/. Заң ол объективті реалды осы заттық саланың мәнін табу /біздің жағдайда — педагогикалық шындықтың/. Ал таным, заңның

ашылуы эмпирикалық деңгейден ғылыми білімнің теориялық деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.

Педагогикада зандар туралы біздің түсінігіміз әрине, осы ғылымның пәнімен - педагогикалық процеспен байланысты.

Ғылым заңдарын танып білуіне даму үстіндегі педагогикалық теорияның ықпалы. Педагогикалық ғылымның заңдарын зерттеу шындығында 20 ғасырда басталды. Осында шартты түрде үш кезеңді белгілеуге болады:

- 20-30-шы жылдар философия саласындағы жалпы зандарды

педагогикалық шындыққа тура тасымалдаумен байланысты

/Трахтенберг О.В., Залкинд А.Б. және т.б/

- 40-60-шы жылдар педагогиканың зандарың және зандылықтарын

белсенді ізденумен мазмұнды. Бірақта мәселенің шешілуі таныс "оқыту"

және "тәрбиелеу" категорияларынан басталады, ал педагогиканың

ғылыми зерттеу пәні назарларынан тыс қалды

99

/Помогайба В.И., Каменоградский И.С., Петухов Н.Н.,



Марьенко И.С., Барабанщиков А.В./.

- 60-80шы жылдардың есте қаларлығы, ол осы жылдарда

педагогиканың зерттеу пәніне айқын көзқарастың қальштасуы

/оқу -тәрбие немесе біртұтас педагогикалық процесс/ /П.Э.

1965; ГмурманВ.Е., Данилов М.А., Ильин В.С., Хмель Н.Д.,/,

бұл педагогикалық заңдарды жасап шығаруда перспектива ашты.

Педагогикалық теорияны құру дәл педагогикалық заңдарды мұқият түрде жасап шығаруды талап етеді. Педагогикалық процесстің өзгешелігі оның өзінің табиғатынан әлеуметті екендігі болады.

Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті тек бір жағдайда болады. Егерде әр бір индивид, осы жүйеге қатысушы үйлесімді дамуына және өзін іс жүзінде көрсетуге қажетті және жеткілікті шарттарына ие болса. Демек, педагогикалық процеске маңыздысы - индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.

Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірбиесін өсіп келе жатқан мүрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек,' тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.

Осыдан педагогикалық процестің мынадай зандары болуы мүмкін:

- бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мүрагері тек өзінің

белсенді шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;

- индивидтің өзін іс-жүзінде көрсете алатын және өз орнын таба

алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар

/барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі/ тұлға ретінде дамуы,

әлеуметтік процесі барысында, әлеуметтік белсенділік

кеңістігінің бірте-бірте кеңеюі барысында жүзеге асады;

- ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп

бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процеске қатысушылардың

әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.

Педагогикалық процестің заңдары оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және бөліктерде де өзін көрсетеді.

Ұстаздың табысты кәсиби іс-әрекеті танып білген педагогика зандарына сәйкес іс-әрекет. Қазіргі кезеңде кәсіби іс-әрекет табысты

100

нәтижелерінен бағаланады. Ал бұл білім беру саласында әсіресе маңызды, өйткені бұл жерде табысты нәтиже - ол орын тапқан тұлға. Егерде білім беру саласында табысты нәтижелер болса, сонда қоғам өмірінің барлық басқа салалары, кәсіби іс-әрекеті түрлерінің әр түрлілігі жағымды өзгерістерге мүмкіншілік табады.



XX ғасырда бірте-бірте үдейе түскен, білім берудің дағдарысы, 60шы жылдарда анық білінді. Ф. Кумбс /1/ осы дағдарысқа толық жүйелі талдау жасады. Бірақ әр түрлі елдерде жасаған реформалау әрекеттері

шындығында ең бастысын қозғамаған: білім алу процесі және нәтижесі ретінде анықталған білім берудің парадигмасы бұрынғыдай болып қала берді. Сондықтан кездейсоқ емес 90шы жъшдарда ЮНЕСКО -ның

бас конференциясының XX сессиясы болып өткенде бүкіл дүниеде білім беру рөлінің казіргі кезендегі тұжырымдамасы қабылданды, оған білім берудің жаңа парадигмасы сай келеді: білім беру деп әлеуметтік пісіп - жетілумен жеке даралық өсуге жеткен тұлғаның қабілеттерін және мінез-құлқын толық жетілдіру процессін және нәтижесін түсіну керек.

Білім беруде алғашқы рет тұлғаның мүдделері бірінші орынға қойылды. Осы түсінікте болмыстың ең маңызды, матералисттік диалектикада ашылған өзгешелігі бейнеленген - ол заттандыру мен затсыздандыру. Білім беру жүйеде ұстаз ғылыми білімді жинаған әдіс-тәсілдерді айқындайды деген сөз. Оқыту процесі барысында оқушылар бұл әдістерді игеру арқылы меңгеріліп жатқан оқу пәнін игерді. Дәл осылай /іс-әрекет әдістерін меңгеріп алу/ болғандықтан оқушылардың тұлғасының өзгерілуі болады /заттандыру/. Шындығында дәл осымен жеке адам тұрғысына бағытталған білім берудің кажеттілігі белгіленді. Яғни, оқушы нені істей алады, оқыту процесі барысында қандай болады екендігіне ерекше назар аудару. Тек сонда ғана оқушылыр адамзаттың, /этностың, аймақгың, жанұяның, мамандықтың /мәдениетін меңгеруі және олардын қоғамдық кәсіби іс-әрекетте дамуы туралы айтуға болады.

Яғни педагогикалық зандар білім берудің сапасының мәнін түсінуде перспектива ашады-ол социумде өзін іс- жүзінде көрсете алуға дайын оқушылырдың тұлғасын жасау. Бірақ біртұтас педагогикалық процестің теориясымен оның заңдарын меңгермейінше, ұстаз ең бастыға қатыссыз

жеке бөліктерге шоғырлануы мүмкін. Педагогикалық заңдарды білу ұстазға практикалық жұмысты нақты мақсатқа яғни, түпкі нәтижеге анық бағыттарды белгілеп құруға мүмкіншілік береді.



101
Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогтар мен оқушылардын оқу және оқудан тыс іс- әрекетінін бірлігін іске асырудын негізі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет