Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Карама- қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші



бет6/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Карама- қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші,

Педагогикалық процесс статикалық емес, ол "ұстаздар -оқушылар" жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алу дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестін дамуына әсер ету, даму барысындағы процеске тән қарама – қайшылықтар-дың яғни онын қозғаушы күштерінің мәнінін түсінбейтінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.

Педагогика ғылымында қарама - қайшылықтардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине,оқытудын қарама –

89

қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский) Кейбір жұмыстарда ұжымынын карама-қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко, Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев), білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И. Батурина) зерттелді.



М.А. Даншюв алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканын ғылым ретіндегі жобалау қызметінін күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама - қайшылық көп жағдайда кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.

Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:

қарама - қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес,

нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін

объектінің мәнін, ашуы тиіс: қарама - қайшылықты ұстаздар мен

оқушылар іс - әрекетін -педагогикалық процесті басты құрамын

көрсеткіш ретінде сипаттау керек; қарама - қайшылықтар жүйесін

ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.

Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама -қайшылықгар тобы - бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама -қайшылықгары. Бұл педагогикалық процестің қарама қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген.Олардын санына Г.К. Костюк келесі қарама -қайшылықтарды жатқызады:

жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға

мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы;

жаңа танымдылық міндеттерімен бұрын қалыптасқадн ойлау

және іс - әрекет тәсілдері арасындағы;

90

-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы,



қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын

қызметі арасындағы;

-жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты

жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің

жетіспеуі арасындағы;

-мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақгылық пен

ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;

-тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы:

Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс - әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын ұжымнын дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады,онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымының қалай дамығандығы екендігін, оған дамудын қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды. Олардың қатарына келесі қайшьшықтарды жатқызуға болады:

-ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында; иңцивидтердің

бірлесуте ұмтылушьшығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен

безбеу арасындағы;

-тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну

қажеттілігі арасындағы;

-ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы; ұжымдағы

пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі

арасындағы;

-бастапқы ұжым ұйымының қажеттілігімен топтық бөлініп

шығуы қауіптілігі арасындағы .

Көрсетілген ұжымның даму қайшьшықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі тобын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармауы болмайды. Бұл қиындықтар оқушылар іс - әрекетін ұйымдастыру қиыншылықтарының мәні:

91

-педагогакалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы



мен қайраткерлігі арасындағы;

-мектептегі іс - әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір

оқушының адамға тән барлық өзіңдік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму

қажеттілігі арасындағы;

-ұжымнын қоғамдық мәнді мақсатына байланысты ұжымның жұмысын

ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік

тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы;

-оқушыларды атадан қалған, адамға тән іс - әрекет түрлерін

игеруге(қатынас, ойын,еңбек,таным,өнер,табиғатты қорғау іс -әрекеті)

дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс -әрекеттер түрлерін

меңгеруінің бірқалыпты еместігі арасындағы;

-әрбір оқушының өзін - өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі

мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;

-оқушьшардың қоғамдық өмірде қатынасу ықыласы мен өмірде өзін

жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.

Тұлға дамуындағы қайшылықгарды білу жеткілікті дәрежеде педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықгағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі.( Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір кұбылыстың ішіңде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегеніміз қарама - қарсылықтардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама - қарсылықтардың бірі басқаға сәйкес келсе онда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.

Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретіңде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол онын

92

жетілуі жаңа " адам - адам" жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.



Ұстаз көрсетілген жүйенін бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және женуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықган, мұғалім окушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақгар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезендегі қайшылықтың анықгалған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруте көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық іс - өрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді, қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол иңдивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.

Даму қайшылықтарының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті түрде оқушының өзіндік ерекшеліктеріне сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктеріне және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек. Балалар ұжымымен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықгардың көп жағдайда дау - жанжалға өсуіне ұласып отырады (Ф.М.Бородин, Н.М.Коряк, М.Ю.Красовицкий, Р.С.Немов және т.б.). Маманданған мұғалімнің педагогикалық сауатты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды тану біліктерімен байланысты, коллективтегі дау жанжалдарды оқушылардың өздерінің және үлкендердің азғана араласуымен шешуіне әкеледі.

Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары - сол сыныптың оқушылар ұжымы" жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс- әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін (М.С.Виноградова, Н.С.Дежникова, В.В.Котов, И.Б.Лиимете, В.Б.Первин, Н.Н.Хан және т.б.).Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып ұжымына жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейте түсуіне көмектеседі.

93

Жеке индивидке қатысты жоғары деңгейлі жүйе ретінде қарастырылатын оқушы ұжымында, оқушының тікелей жұмысы қажетті. Мұғалім жеке оқушының педагогикалық процестің басқа да кіші жүйелерімен байланыстырушы орта буыны болып табылады (4 суретті қараңыз).


Сурет - 4. Педагогикалық процесте кіші жүйелердің байланысы

Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалык процестің дамуына ыкпал еткісі келсе "ұстаздар - оқушылар " жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар топтары және олардын өзара байланысты болатындығын, ал оларды

шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс - әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалык іс - әрекеттерінің қас қағым уакытында оқушы

94

тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. ұжымдар жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс - әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақгылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және



осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.

Егер мұғалім, сол нақгылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интегративтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қилыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде қалай, болса да педагогикалық процестің- белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақгы қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқгы қасиеттері көрінеді.

Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс - әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, мұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.

Өзіңдік бақылауға арналған сұрақтар

1. Ғылымда объект және пән деген ұғым нені білдіреді? Бұл мұғалімнің практикалық іс - әрекеті үшін қандай маңызы бар?



2. Педагогиканың пәні не болады?

3. Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген "педагогикалық процесс" ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

4. Не себепті тек қана педагогикалық процесс мұғалім іс -әрекетінің объектісі болып табылады ?

5. Дамудың қозғаушы күштеріне анықтама беріңіз?

6. Мұғалім педагогикалық процестің дамуына әсер ете ала ма?

7. Педагогикалық процесс үшін қандай қайшылықтар тобы тән ?

8. Қайшылықтарды шешу деген не?

95

Әдебиеттер

1. Общие основы педагогики./ Под.ред.Королева А.Г., Гмурмана В.В. М., 1967.

2. Педагогическая энцоклопедия. М.; 1964.

3. Российская педагогическая энциклопедия. М., 1993 -1999.

4. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /аударған Успанов К.С. Алматы, 2002.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. "Педагогикалық процесс" ұғым мазмұнының дамуының хронологиялық кестесін жасаңыз.

2. Ұсынылып отырған педагогикалық жағдаяттың негізінде ұстаздың және басқа да қатынасушылардың өмірбаянын жазыңыз.

3. Мектептегі "Педагогикалық процестің субъектілерін қалыптастырудағы іс-әрекеттің ролі" атты ғыльгми -практикалық конференцияның бағдарламасын дайындаңыз.

4. "Мұғалім іс-әрекеті ол шығармашылық" атты тақырыпқа баяндама жоспарын жасаңыз.

Реферат тақырыптары

1. П.Ф. Каптерев педагогикалық процесс туралы.

2. М.А. Даниловтың еңбектерінде "педагогикалық процесс" туралы ұғымның дамуы.

3. Педагогикалық процесс теориясының мұғалімнің творчестволық іс - әрекетінің дамуындағы ролі.

4. Тұтас педагогакалық процесс теориясы қазіргі уақыттағы педагогика оқу кұралдарында.

5. Казақстандық ғалымдардың тғтас педагогикалық процесс теориясын дамытудағы ролі.

6. Жаңашыл мектептер педагогакалық процесс теориясын меңгеруде.

96

2. 2.1. Тұтас педагогикалық процестің заңдары



Мақсаты: Болашақ мұғалімдердің ғылым мен тәжірибеде зандардың рөлі туралы ұғымын дамыту.

Міндеттері:

а) Зандардың ашылуына тәжірибенің ьгқпал етуін көрсету;

ә) Ғылымның зандарының объективтік сипатын ашьш көрсету;

б) Педагогикалық процесс зандарының мазмұнын негіздеу.

Жоспар

1. Зандар педагогакалъгқ теорияның даму деңгейінің бейнесі.



2. Ғылым заңдарын айқындап білуіне даму үстіндегі педагогикалық теорияның ықпалы.

3. Ұстаздың табысты кәсіби іс-әрекеті - танып білген педагогика зандарына сәйкес іс-әрекет.



Негізгі ұғымдар: ғылым, теория, заң, ғылыгмның жалпы заңдары, жеке зандары, білім беру, білім беру педагогикасы.

Пәнаралық байланыстар: философия, жалпы педагогика, әлеуметтану, психология.

Заңдар педагогикалық теорияның даму дентейінің бейнесі. Әр бір ғылымның ең маңызды міндетінің бірі ақиқат шындықга әрекет ететін объективті зандарды танып білуі болып есептеледі.

Бір заттық саланың теориясын құруға және әрине, тәжірибелік міндеттерді тиімді түрде шешуге тек заңдарды танып білу ғана мүмкіншілік береді.

Ғылыми білім құбылыстарды жазып баяндау ретінде қалыптасқаны, сонан соң тәжирибе негізіңде эмпирикалық теориялардың қалыптасқанын және жеке зандардың ашылғанын ғылыми ізденістер тарихында қарап көруге болады.

Тек осы заттық саланың ерекше зандары ашылғаннан кейін қазіргі кезендегі ғылыми білім теориясы дамыды /1 кесте/.

XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагогика окулықтарында заңдар мен зандылықтар жайыңда параграфтар орын тапты. Бірақ, олардың біреуінде де бұл не екеніне түсінік берілмеген. Ұғымдар өз бетінше қалыптасқан, неліктен автор осыны заң әлде зандылық деп санайтыны түсініксіз. Одан басқасы, нені зандарға, ал нені зандылықтарға жатқызуға болады екені ажыратылмаған. Осының барлығы тек педагогикалық зандар мәселесінің теориялық тұрғыдан зерттелмегенін ғана дәлелдейді. Белгілі дәрежеде бұл философтардың зерттеп дайындаған заңдар мен заңдылықтар туралы түсініктерін есепке алмағандықпен байланысты /4,5,6,7/.

97
Ғылыми білімнің жүйе ретіндс даму динамикасы



/химия, биология, астрономия, физика, псдагогика мысалдарында /


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет