463
зерттелетін сигналдың көзге көрінбейтін кескінін тудырады.
Естіртуші прожектор
оператордың сұратуы бойынша
көрінбейтін кескінді жарқырақ кескінге түрлендіреді. Жазылған
сигнал жол
-
жолмен түрленіп, жарқырақ нүктелердің жиынтығымен
берілуі мүмкін, ал оның координаталары цифрлық өңдеу үшін
пайдаланылуы мүмкін.
Жадтаушы осциллографтардың негізгі қолданылу саласы
–
тез
өтетін бір реттік процестерді зерттеу.
Цифрлық
осциллограф.
Цифрлық
осциллографта
уақыт
бойынша үздіксіз зерттелетін сигнал цифрлық эквивалентте сигнал
мен уақыттың сәйкес мәндері бар нүктелердің реттілігімен бірнеше
ондаған мегагерцке дейінгі тактілік жиіліктегі аналогты
-
цифрлық
түрлендіру негізінде (17.6
-
бөлімшені қараңыз) беріледі. Цифрлық
эквиваленттер жедел жадтау
құрылғысының ұяшықтарында
орналасады және аппараттық өңдеу мен цифрлық өңдеу үшін
пайдаланылады.
Кескінді визуалдау үшін әртүрлі электрондық
-
сәулелік түтіктер
және аз габаритті басқарылатын жарық элементтерінің саны көп
матрицалық
индикаторлы
панельдер
қолданылады.
Координаталары зерттелетін сигнал нүктелерінің реттілік
координаталарына сәйкес келетін жарық элементтерін жүйелі
қоздыру оның көзге көрінетін кескінін береді.
Цифрлық
осциллографтардың
негізгі артықшылықтары
–
күшейткіштерді және үздіксіз сигналдарды өңдейтін басқа да
құрылғыларды алып тастау салдарынан жоғары өлшеу дәлдігі, ұзақ
уақыт сақтау, жедел естірту және ЖК
-
мен
ұштасу негізінде
нәтижелерді математикалық өңдеу мүмкіндігі.
Негізгі кемшілігі
–
аналогты
-
цифрлық түрлендірудің шектеулі
тактілік жиілігінің салдарынан жиіліктердің шектеулі жолағы.
Уақыт бойынша баяу өзгеретін шамалардың (10 Гц
дейінгі
жиілікті) мәндерін тіркеу үшін электрмеханикалық өзіжазғыш
аспаптар қолданылады. Тіркелетін шаманың ағымдағы мәнін жазу
«өлшенетін шама
–
уақыт» координаталарында
жылжымалы қағаз
таспада жүргізіледі. Өлшенетін шаманың мәні өлшенетін
механизмнің жылжымалы бөлігінің,
мысалы магниттік
-
электрлік
бөлігінің күйімен айқындалады.
Ақпаратты цифрлық және әріптік нысандарда тіркеу үшін
алфавиттік
-
цифрлық баспа құрылғылары, магнитофондар және
дисплейлер қолданылады.