Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет129/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1.
Тұрақты ток машиналарының тұғыры неге құйылған 
болаттан, ал зәкір мен полюстер бола табақтардан 
жасалады?
2.
Тұрақты токтағы электр машиналары қандай мақсатта 
қосымша полюстермен жабдықталады?
3.
Параллель және тізбектей қозу тәсілдері бар тұрақты ток 
машиналарының қозу орамаларының айырмашылығы неде?
4.
Тізбектей қозатын қозғалтқыштар электр көлігінде неге 
тартқыштар ретінде қолданылады?
5.
Тізбектей қозатын қозғалтқыштың біліктегі жүктемесіз 
жұмысына неге жол берілмейді?


292
10.1.
 
10-
тарау
 
ЭЛЕКТРЛІК АВТОМАТИКА ЖӘНЕ 
БАСҚАРУ АППАРАТТАРЫ
 
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
 
Электрлік автоматика және басқару аппараттары жабдықты қорғау 
және электр жүктемелерін реттеу мақсатында электр тізбектерінде 
жүйесіз коммутацияны жүзеге асырады. Жоғары (бірліктен 750 кВ 
дейін және одан жоғары) және төмен (1000 В дейін) кернеулі электр 
аппараттары болады. Жоғары кернеулі аппараттар жүздеген 
килоамперге дейінгі токтарды ажыратуға есептелген және олар бұл 
жерде толығырақ қарастырылмайды. Төмен кернеулі аппараттардың 
арасында автоматика аппараттары мен басқару аппараттары болады. 
Автоматика аппараттары
(реле, датчиктер, реттеуіштер және 
т.б.) жүздеген вольтке дейінгі кернеуде 5 А дейінгі токтарды 
коммутациялайды және автоматика тізбектерінде пайдаланылады. 
Басқару аппараттары
қозғалтқыштардың, генераторлардың
қыздырғыш құрылғылардың және т.б. күш тізбектерінде 1000 В 
дейінгі кернеулерде 5 А
-
дан жоғары токтарды коммутациялайды. 
Қалыпты жұмыс режимдерінде электр энергиясын қабылдағыштарды 
басқару аппараттары (контакторлар, магниттік іске қосқыштар, 
командоаппараттар) және авариялық режимдерде электр энергиясын 
бөлу және оны ажырату аппараттары (автоматтар, сақтандырғыштар, 
айырғылар, пакеттік ажыратқыштар) болады. 
Электр аппараттарын номиналды кернеулердің ең кең таралған 
мәндерінде дайындайды: 

синусоидалық ток тізбектерінде 
— 
24, 36, 127, 220, 380 В;

тұрақты ток тізбектерінде 
— 
12, 24, 48, 110, 220, 440 В.
Номиналды токтардың кең таралған мәндері: 
0,1; 0,2; 0,5; 1; 6; 10; 
25; 40; 63; 100; 160; 250; 400; 630; 1000 А.


293


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет