Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет9/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

2-
мысал.
Сіз үй тапсырмасын алдыңыз делік, ол - математика 
бойынша есепті шығару. 
Алдымен сізге оқулықтан тапсырманы тауып алу керек, содан кейін 
тапсырманың шартын жазу керек, қажетті формуланы таңдайсыз, 
ондағы сөздерді сандарға айналдырасыз және есептеулерді 
орындайсыз. 
Сіздің әрекеттеріңіздің реті: 
1.
 
Үстелге келу.
2.
 
Оқулықты алу. 
3.
 
Оқулықтан берілген тапсырманы табу. 
4.
 
Тапсырманың шартын жазу. 
5.
 
Қажетті формуланы таңдау. 
6.
 
Формулаға шарттағы мәліметтерді енгізу. 
7.
 
Есептеп шығару. 
8.
 
Жауабын жазу. 


16 
Сіз оқулықтан тапсырманы таппасаңыз, оның шартын жаза 
алмайсыз. Егер қажетті формуланы таңдамасаңыз есептей аламайсыз. 
Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің реті қатаң түрде сақталуы тиіс, 
сонда ғана ол сіздің алға қойған мақсатыңызға, яғни тапсырманы 
орындауыңызға алып келеді. Бұл реттегі кез келген өзгеріс сіздің алға 
қойған мақсатыңызға қол жеткізу мүмкіндігіңізге тосқауыл болады.
Алгоритм
— 
бұл мақсатқа қол жеткізуге апаратын әрекеттердің 
реттілігі. 
Сіз басқа біреуге велосипедті қалай жөндеу керектігін, сорпаны 
қалай жасайтынын немесе балық аулауға қалай дайындалу керектігін 
айтқан кезде, қалаған мақсатқа қол жеткізу үшін оларды орнындаудың 
ретін айтасыз.
Егер бұл реттілікте күрделі әрекеттер бар болса (мысалы, 
велосипедтің дөңгелегін ауысыру), онда сіз әңгімелесіп отырған 
адамыңыздың тәжірибесіне қарай отырып, бүкіл іс-әрекетті толықтай 
айтасыз не болмаса оны бірнеше жеңіл бөліктерге бөліп түсіндіресіз 
(сол жаң бұранданы босату, сосын оң жақ бұранданы босату және т.б.). 
Алгоритмді құрастыру барысында күрделі әрекеттер көбіне анағұрлым 
жеңіл, тіпті ең қарапайым түрлерге бөлінеді. Мысалы, 2 мысалда 2 
әрекет берілген. Оқулықты алуды келесі қимылдар арқылы суреттеуге 
болады: 
1.
 
Оқулыққа қол созу. 
2.
 
Оқулықты алу. 
3.
 
Оқулықты өзіңе жақындату. 
Дәл осы әрекетті толығырақ суреттеуге болады: 
1.
 
Оқулыққа қол созу. 
2.
 
Оқулықты саусақтармен ұстау. 
3.
 
Саусақтарды бүгу. 
4.
 
Оқулық ұстаған қолды үстелден көтеру. 
5.
 
Оқулықты өзіңе жақындату. 
Адамдарға мұндай егжей-тегжейлі нұсқау күлкілі болып көрінуі 
мүмкін, бірақ роботтың қандай да бір затты қозғалтуы үшін дәл 
осындай қимыл-әрекеттерді орындауы тиіс.
Нақты егжей-тегжейлі түсіндіру ең күрделі қимылдардың өзін 
бірнеше жеңіл әрекеттердің жиынтығы ретінде көрсетуге мүмкіндік 
береді, ал ең қарапайм әрекеттерді орындауды машинаға тапсыруға 
болады, бұл – автоматтандыруға апаратын тура жол.
Технологиялық процесті машина орындайтындай етіп көптеген іс-
әрекеттерге бөлу мен ТП басқару алгоритмін құрастыру – технологтың 
міндеті. 
Бұл жерде «машина» сөзі кең мағынада пайдаланылады, ол – 
адамдардың орнына түрлі әрекеттердің үлкен көлемін атқаруға 
қабілетті техникалық құрал. 


17 
Сонымен бірге, машина тек қана бір затты жалжытып немесе 
құралдарының көмегімен өңдеп, таза физикалық жұмыстарды ғана 
атқарып қоймай, сараптауды, анықтауды, бағалауды және шешім 
қабылдауды және т.б. да жүргізеді.
Машиналарға бұл қабілеттердің барлығын адамдар береді. 
Машиналардың адамдардан айырмашылығы оларда ақыл-парасат жоқ, 
сондықтан олар тек нұсқауда берілген тапсырмаларға сәйкес 
қарапайым әрекеттерді ғана орындай алады. Егер адам үшін алгоритм 
– 
бұл әрекеттердің реттілігі болса, ал машина үшін – бұл мақсатқа жету 
үшін анықтап, орындауды қажет ететін нұсқаулардың реттілігі.
Егер нұсқау бір мағыналы болса және оны әртүрлі түсіндіру мүмкін 
болмаса ғана машина нұсқауды анық тани алады. Сондықтан да 
машина үшін әрбір нұсқау ерекше жазылуы тиіс, яғни, машинаға 
түсінікті тілде болуы керек.
Машинаға түсінікіті тілде жазылған алгоритм 
бағдарлама
деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет