243
АРНАЙЫ
БӨЛІМ
СТУДЕНТ
-
ТЕРІНІҢ
ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ
ТҚА ауруларының кең таралған түрі – остехондроз.
Бұл ауру көбінесе жұмысқа қабілетті жаста пайда болады
және ұзақ уақыт жұмысқа қабілеттілікті жоғалтуға әкеледі.
Омыртқа остехондрозы омыртқа аралық дискілердің жасына
қарай өзгеруі, тұқым қуалау арқылы, олардың созылмалы жа
-
рақат алуынан, сегментарлы қанайналымның бұ
-
зылуы және т.б. салдарынан туады.
Бірінші кезекте остехондрозбен жұмысты
ыңғайсыз статикалық қалыпта, жағдайда, үлкен
жүктемемен орындайтын адамдар ауырады. Сон
-
дай-ақ сүйек-бұлшықет аппартының жеткіліксіз
дамуы салдарынан туындайды.
Аурудың дамуына туылғаннан бұлшықет-бай
-
ланыс аппараты жеткіліксіздігі үлкен әсерін
тигізеді. Бұл остехондроз жағдайнада түрлі не
-
вралгиялық құбылыстарды тудырады. Үдерістің
санатына байланысты ауырсыну сезімдері кенет
-
тен пайда болып, қайта жоғалады және сыртқы
факторлармен байланысты болады (шамадан тыс
дене жүктемесі, ыңғайсыз қалып).
Мойын жүйке омыртқаларының зақымда
-
нуынан бас ауруы, есту, көру қабілеттері өзге
-
реді, көкірек айналасы зақымданған болса, қа
-
бырғаралық невралгия байқалады, жүрек тұсында
(кардиопатия); невралгиялық белгілерде омыртқаның бел жақ
бөлігінде аяқтың ауру сезімдері байқалады.
Басты белгілері:
асқынған және созылмалы ауру сезімдері,
қимылдай
алмай қалу, арқаның ұюы.
Достарыңызбен бөлісу: