73
6.1.
ЖҰМЫС ОРНЫНДА ЖАЙЛЫЛЫҚПЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ
ӨНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ
Адамның көру талдауыштарының жұмысы үшін барынша
жағымды жағдайда табиғи жарық береді, ол елді мекеннің
географиялық кеңдігіне, ғимараттың жарық тараптары бойынша
бағдарлануына, терезе ойықтарының кеңдігіне, қабырғаның түсіне
байланысты. Елдің аумағы шартты түрде сәулелік ахуалдың бес
белдеуіне — Қиыр Солтүстіктен бастап Солтүстік Кавказдың
аудандарына және Қара теңіз жағалауларына бөлінеді.
ДЭСМ бар жайларда табиғи да, сондай-ақ жасанды да
жарықтандыру болуы тиіс. Жарық беру қондырғылары пайдалануға
қолайлы, қарапайым, ұзақ мерзімді болулары, эстетика, электр
қауіпсіздігі талаптарына жауап берулері тиіс. Жасанды
жарықтандыру үшін екі түрлі электр лампалары пайдаланылады:
қызатын лампалар және газ разрядты лампалар.
Қызатын лампалар
сәуленің жылулық көздеріне жатады. Олардағы көрінетін сәулелену
(сәуле) вольфрам жібінің электр тогымен қызуы нәтижесінде пайда
болады.
Г
аз разрядты лампалардағы
көрінетін сәулелену атмосферада
инертті газдардың электрлік разрядының немесе металл булары
разрядының нәтижесінде олармен лампа колбасының толуы арқылы
пайда болады. Г
аз разрядты лампалар, сондай-ақ, люминесцентті
деп аталады, өйткені колбалар ішкі жағынан ультра күлгін
сәуелелену әрекетімен жарқырайтын люминоформен жабылады,
сол арқылы жарықта көзге көрінбейтін ультра күлгін сәуелелену
құрайды.
Бұл лампалардың қызмет мерзімі біршама басым, кейбір
түрлерінде 8... 12 мың сағатқа дейін жетеді. Тиісті түрді инертті
газдар, металдар буларын, люминофор таңдап алу арқылы, бұл
лампалардан кез келген қалаған спектрлік сәуле ағынын алуға
болады.
Көрінетін жарықтың спектрлік құрамы бойынша мына
лампалар:
■
күндізгі жарық (КЛ);
Достарыңызбен бөлісу: