Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


Нұсқайтын (рұқсат беретін) плакаттар



Pdf көрінісі
бет33/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

Нұсқайтын (рұқсат беретін) плакаттар. 
Нұсқайтын плакаттарда 
жасыл түс басым болады. Олар электр қондырғыларында жұмыс 
жүргізілетін орындарды, сондай-ақ оларға қауіпсіз жақындау 
тұрғыларын көрсету үшін пайданылады (5.3- сурет). 


69 
Көрсететін немесе ескертетін плакаттар. 
«Жерге тұйықталған» 
плакаты 
электр 
қондырғысының 
белгілі 
учаскесі 
жерге 
тұйықталғанын және оған кернеу беру мүмкін емес екенін көрсетеді. 
Ол коммутациялық аппараттардың тартпаларына ілінеді. Көрсететін 
және тыйым салатын плакаттар бір мезетте қолданған жағдайда, 
көрсететін плакат тыйым салатын плакаттың үстінен ілінеді (5.4 - 
сурет). 
ЭЛЕКТР ТОГЫНАН ЗАҚЫМДАНУДАН 
ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ 
Электр тогынан зақымданудан қорғаныс құралдары ұжымдық 
және жеке болып бөлінеді (5.5-сурет). 
Қорғаныстың ұжымдық 
құралдарына 
электр жабдығын жерге тұйықтау, нөлдеу (корпус 
нөлдік қорғаныс өткізгішіне қосылады), кабельдерді оқшауландыру 
профилактикасы және бақылау, ток жүретін желілерді қоршау
штаттан тыс жағдай болса, аппаратураны блоктау жатады. 
Компьютерді немесе басқа оргтехниканы қосар алдында электр 
сымдарының, штепсельдік айырлардың және розеткалардың бүтін 
екеніне визуалды көз жеткізу қажет. Айырғылар мен розеткалар 
тиісті түрде маркалануы және міндетті түрде еуропалық стандартқа 
сәйкес болуы тиіс. Компьютердің (немесе, өзге құрылғының) жерге 
қосуын қамтамасыз ететін үшінші сымның болуы мұндай айырғылар 
мен розеткалардың ерекшелік айырмашылығы болып табылады. 


70 
Жерге тұйықталатын үшінші сым болмаған жағдайда, жерге 
тұйықтау қалыпты тәсілмен - жерге қосатын өткізгіш пен жерге 
тұйықтау контурын пайдалану арқылы орындалуы тиіс. 
Қорғаныс үшін жерге тұйықтау
бұл кернеу астында болуы 
мүмкін ток жүргізбейтін метал бөліктерді жермен арнайы электрлік 
қосу. Ол қызметкердің қандай да бір себеппен кернеу астында 
болатын электр жабдығының металл корпусына жанасқан жағдайда, 
электр тогымен зақымдану қауіпін жоюға ықпал етеді. 
Нөлдеу 
— бұл кернеу астында болуы мүмкін ток жүргізбейтін 
метал бөліктерді нөлдік қорғаныс өткізгішіне арнайы электрлік қосу. 
Нөлдік қорғаныс өткізгіші— бұл нөлденетін бөліктерді ток көзі 
орамының жерге тасбүтін қосылған бейтарап нүктесімен немесе 
оның баламасымен қосатын өткізгіш.. 
Апатты өшіріп тастауды пайдалану электр тогынан зақымданудан 
қорғанудың тағы да бір әдісі болып табылады, бұл —электр 
қондырғыны жылдам автоматты түрде өшіріп тастау жолымен 
қамтамасыз етілетін қорғаныс жүйесінен тұратын қорғануға 
бағытталған өшіріп тастау. Қорғану үшін өшіріп тастаудың іске 
қосылу ұзақтығы 0,1 ...0,2 с. құрайды. 
Розеткалар «220 В» белгісімен маркаланулары тиіс. 
Жеке қорғаныс құралдары 
оқшауландырғыш, қосалқы және 
қорғаушы болып бөлінеді. 1 000 В дейінгі кернеуліліктегі электр 
желілеріндегі жеке қорғаныс құралдарына диэлектрикалық 
қолғаптар, ток өлшегіш тістеуіктер, оқшауландырылған сапты аспап, 
сондай-ақ диэлектрикалық резеңке кілемшелер, калоштар, тұғырлар 


71 
жатады (5.6-сурет). Олардың бүтінділігі кем дегенде жарты жылда 
бір рет тексерілуі тиіс. 
Электр қауіпсіздігін қамтатасыз ету шаралары мен тәсілдері: 

қауіпсіз кернеуді қолдану (50 Гц айнымалы тогы үшін жанасудың
болуы мүмкін кернеуінің мәні 2 В, а ток күшінің мәні — 0,3 мА);

электр сымдары оқшаландырылуын бақылау;

ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасуды болдырмау;

қорғаныс үшін жерге тұйықтау мен нөлдеуді орнату;

жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;

электр қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық
шараларын сақтау.
Бұл мүмкін жерде қауіпсіз кернеу — 12 және 36 В пайдаланылады.
Оны кернеулілігі 220 немесе 380 В стандарттық желіге қосылатын 
төмендеткіш трнасформаторлардың көмегімен алады. 
5.6
-сурет. Электр тогымен зақымданудан жеке қорғаныс құралдары 
220 немесе 380 В. 


72 
1...3.қосымшада берілген тәжірибелік тапсырмаларды, 
тест 
тапсырмаларын 
және 
дербес 
жұмыс 
үшін 
тапсырмаларды орындаңыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет