78
Жұмыс биіктігі реттелетін және реттелмейтін жұмыс
столдары пайдаланылады. Реттеуіш болмаған жағдайда, столдың
биіктігі 680-нен - 800 мм дейінгі шекте, жұмыс бетінің тереңдігі 800
мм құрауы тиіс. Жұмыс бетінің өткір бұрыштары мен шеттері
болмауы тиіс, күліңгір немесе жартылай күліңгір фактурасы болуы
қажет.
Жұмыс столының биіктігі 600 м, ені 500 мм кем емес,
тереңдігі тізе деңгейінде — 450 мм кем емес, аяқтың созылу
деңгейінде — 650 мм кем емес аяқ үшін кеңістігі болуы тиіс (6.1-
кесте).
Столдың адам үшін тиімді биіктігі келесідей анықталады:
стол басына отырып, табанды (өкше мен аяқ ұшын) еденге қою және
арқаны түзету қажет.
ДЭЕМ-да жұмыс орындайтын цифрлық ақпаратты өңдеу
жөніндегі шебердің басымдықты жұмыс кейіпі отыру қалыпы
болып табылады. Бұл патологиялық құбылыстар қатарының: іштің
бұлшық еттерінің босаңсуы, еңкіштік, ішкі органдардың төмен
түсуі, радикулит және басқа аурулардың пайда болуына елеулі
ықпал етеді. Сондықтан отыру қалыпындағы жұмыс кейіпін
рационалдау үшін жұмыс креслосын таңдауға үлкен көңіл бөлу
керек.
Жұмыс креслосы жұмыс процесіндегі физиологиялық
рационалды жұмыс қалыпын ұстап тұруды қамтамасыз етуі, сондай-
ақ мойын-иық аумағындағы және арқадағы кернеуді босату үшін
қажет қалыпты өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс. Сондықтан жұмыс
креслосы көтерілмелі-бұрылғыш болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: