82
Адам қызметінің қолайлылығын жасау қызмет түріне, оның
кернеулілігіне, зиянды факторлардың болуына (зиянды заттар,
жарықтану,
сәуелелену деңгейі, климаттық ахуал жағдайы),
адамның психофизиологиялық (адамның антропометрикалық
сипаттамасы, түрлі тітіркендіргіштерге әсер жылдамдығы, адамның
түсті қабылдау ерекшеліктері айтылып отыр) мүмкіндіктеріне
байланысты.
Эргономика
адамды заманауи өндірісте оның қызметінің нақты
жағдайларында кешенді зерттейді. Өзара тығыз байланыстағы және
адам қауіпсіздігіне ықпал ететін «Адам — машина — өндірістік
орта» жүйесін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Адаммашиналық жүйе тиімді қызмет атқаруы және адамның
денсаулығына залал келтірмеуі тиіс. Ол үшін адам мен машина
сипаттамалары сыйымдылығын қамтамасыз ету қажет. Бұл
сыйымдылық
оның
антропометрикалық,
сенсомоторлық,
энергетикалық (биомеханикалық) және психофизиологиялық
сыйымдылығымен анықталады.
Антропометрикалық сыйымдылық
адам денесінің көлемдерді,
сыртқы кеңістікті шолу мүмкіндігін,
оператордың жұмыс
процесіндегі қалыпын (кейіпін) есептеуді болжамдайды.
Сенсомоторлық сыйымдылық
адамның машина жұмысының
және дабыл берудің жылдамдығын таңдау барысындағы қозғалыс
(моторлық) операцияларының жылдамдығын және оның түрлі
тітіркендіргіштер түрлеріне (сәулелік, дыбыстық және т.б.)
сенсорлық әсерін есептеуді болжамдайды.
Энергетикалық (биомеханикалық) сыйымдылық
басқару
органдарына жұмсайтын күш-жігерін анықтау барысындағы
адамның күш мүмкіндіктерін есептеуді болжамдайды.
Психофизиологиялық сыйымдылық
адамның түске, түс
гаммасына,
берілетін
дабылдардың
жиілік
диапозонына,
машинаның формасына және басқа эстетикалық параметрлеріне
әсерін ескеруі тиіс.
Адамның
антропометрикалық,
сенсомоторлық
және
энергетикалық сипаттамаларын толығырақ қарайық. Адамның
антропометрикалық сипаттамасына статикалық (адам денесінің
және оның жекелеген бөліктерінің: басы, аяқтары, қолдары, білезігі,
табаны, иығының ені, жамбасының көлемдері) және динамикалық
(дененің жекелеген бөлшектерінің мүмкін бұрылыс бұрыштары, қол
жетерлік аймақтары) сипаттамалары жатады.
Адамның визуалдық көзбен шолу алаңының ақпараттық
аймақтары 6.3-суретте берілген және көлемдері жанардың
бұрыштарымен есептелетін жанар алаңдарымен белгіленеді.
Жұмыс
орнын ұйымдастыру, бақылау және басқару
органдарының
құрылымы
адамның
антропометрикалық,
сенсомоторлық және энергетикалық сипаттамаларын ескерулері
тиіс.
83
Адамның жұмыс қалыпының
маңызды эргономикалық мәні бар.
«Түрегеп тұру» жұмыс қалпы үлкен
энергетикалық шығынды талап етеді
және жылдам қажуға әкеп соқтырады.
«Отыру» жұмыс қалпын азырақ
қажытады және барынша басымды.
Алайда
дене
қалпының
дұрыс
болмауы, яғни,
бұлшықтардың артық
кернеулілігі
сүйену-қозғалу
аппаратының ауыруларына (мысалы,
омыртқаның қисаюына), жылдам
қажуға, жарақаттануға әкеп соқтыруы
мүмкін.
6.3.
сурет. Адамның визуалдық көзбен
шолу аймақтары
Оператордың жұмыс креслосы «отыру» қалпындағы жұмыс
орнының құрамдас бөлігі болып табылады. Кресло адамның
антропометрикалық деректеріне сәйкес болуы және қажет болған
жағдайда, арнаулы киім мен жараққа түзетулерді ескеруі тиіс.
Түстік
бояу,
құрылғылардың
көлемдері
адамның
психофизиологиялық және антропометрикалық сипаттарына,
жұмыс орнының жарықтандырылуына
және сәулелік ортаның
басқа да сипаттамаларына сәйкес болуы тиіс.
Ақпаратты
енгізудің
компьютерлік
құрылғылары
(клавиатуралар және манипуляторлар) үшін қазіргі кезде жалпыға
ортақ қабылданған
стандарттардың болмауы, олардың
мониторлардан айырмашылығы болып табылады. Алайда бұл
құрылғылардың
көптеген
өндірушілері
оны
қолданудың
эргономикалығын арттыратын түрлі сындарлы шешімдерді
сипаттайды: клавиштердің орналасуын реттеу мүмкіндігі бар
клавиатура, ұзақ жұмыс барысында
білезіктің шаршауын азайту
нысанындағы тінтуір. Кейбір үлгілер шын мәнінде компьютермен
жұмыс барысындағы жұмыс қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда, алға
қарай өзіндік технологиялық секіріс болып табылады.
Клавиатурамен жұмыс барысындағы қолдың қалпының дұрыс
болмауы қол білезігінің созылмалы созылуына ықпал етуі мүмкін.
Клавиатураны столдың шетіне жылжытып және қол білезіктерін
арнайы алаңға сүйеп қоюдың маңыздылығынан гөрі, шынтақтарды
столдың үстіңгі бетіне параллельді және иыққа тік бұрышпен қанша
ұстаған маңызды. Сондықтан клавиатура столдың шетінен 10... 15
см (шынтақ ұзақтығына байланысты) орналасуы тиіс. Бұл жағдайда
жүктеме тамырлар мен сіңірлер терінің үстіңгі қабатына жақын
орналасқан білезікке емес, шынттаққа келеді. Монитор столдың ең
кең
бөлігінде орналасуы есебінен, заманауи эргономикалық
үлгілердің клавиатура үшін тиімді алаңы бар. Столдың тереңдігі
клавиатураны мониторға қарай жылжытып, шынтақтарды столға
толықтай қоюға мүмкіндік беруі тиіс.