Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

VI ТАРАУ 


74 

сәуле таратуы жақсартылған күндізгі жарық (ЖКЛ);

суық ақ жарық (САЛ);

жылулық ақ жарық (ЖАЛ);

ақ жарық (АЛ) белгіленеді.
Алайда олардың кемшілігі де бар — сәуле ағынының соңғысы
көзбен қабылдаудың бұрмалануына әкеп соқтыруы мүмкін. 
Жұмыс орындарының жарықтану деңгейі 300 лк кем болмауы 
тиіс. 
Жайдағы терезелер солтүстік немесе солтүстік-шығысқа шығуы 
тиіс. Дұрыс жобаланған жарық ағзаның қажуын төмендетеді және 
еңбек өнімділігінің жоғарылауына ықпал етеді. 
Жұмыс орнын барынша жақсы жарықтандыру — экран 
мониторына жарқырауық сәулелерді түсірмейтін бытыраңқы сәуле. 
Шырағдандар жайдың жоғарғы аймағында орналастырылуы тиіс. 
Қабырғалар мен терезе перделерінің түсі байыпты, ақ түсті, 
жарқырамайтын реңде болуы қажет. 
Ғимараттағы розеткалар «220 В» белгісімен маркалануы тиіс. 
Кез келген жарық жұмыс столының артқы жағында болмауы тиіс, 
жарық сол жақтан түскені оң болады. Егер баспа мәтіндермен жиі 
жұмыс істеуге, ал мәтінді арнайы тұғырға қоюға тура келсе, стол 
үстіне оқшауланған жарық қосқан дұрыс. Жайлардағы жасанды 
жарық ДЭСМ пайдалану үшін жалпы бірқалыпты жарық жүйесімен 
жүзеге асырылуы тиіс. Сәуле бытыратқыштары және экрандау 
торлары жоқ шырағдандарды қолдануға жол берілмейді. 
Жұмыс құжаты орналасқан аймақтағы стол бетінің 
жарықтандырылуы 300...500 лк құрауы тиіс. Жарық экран бетінде 
сәулелер құрмауы қажет. Экран бетінің жарықтандырылуы 300 лк 
жоғары болмауы тиіс. 
Жұмыс істейтін жоғарғы беттерде (экран, стол, клавиатура және 
т.б.) шырағдандар түрлерін дұрыс таңдау және табиғи және жасанды 
жарық көздеріне қатысты жұмыс орындарының дұрыс орналасуы 
есебінен шағылысатын «жарқырауды» шектеген дұрыс. 
Компьютерлерді кабинет периметрі бойынша орналастыру 
барысында шырағдандар жұмыс столының үстінде оқшауландырып 
орналастырылуы тиіс. Толықсу коэффициенті 5 %-дан аспауы 
қажет. ДЭСМ пайдаланатын ғимараттардағы жарықтандырудың 
нормаланатын мәндерін қамтамасыз ету үшін терезе рамкалары 
шыныларын және шырағдандарды тазалау жылына екі реттен сирек 
жүргізілмеуі және жанып кеткен лампалар мезгілімен ауыстырылуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет