Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

VII ТАРАУ 


90 
.2. 

ЭЕМ-де жұмыс істеудің алдында қосу кабельдерінің жерге
дұрыс тұйықталуын, тұтастығын тексеру;

ЭЕМ-ды қосу тәртібін сақтау;

жұмыс барысында жұмыс орнының реті мен ЕҚ және ҚТ
ережелерін сақтау;

жұмыстың арасында үзілістер жасау мен гимнастика туралы
ұмытпау;

белгіленген тәртіпте жабдықты сөндіру.
7.2.
НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Дербес компьютермен және басқа да ұйымдастырушылық 
техникасымен жұмыс істейтін қызметкерге, жұмыс істеу 
алдында нұсқамалар өткізілу тиісті. Оларды тіркеу үшін 
кәсіпорында нұсқама жүргізуді тіркеу журналдары ресімделуі 
тиіс. Нұсқамалардың бес түрлері белгіленген. 
1.
Тұрақты немесе уақытша жұмысқа тұру барысында
еңбекті қорғау жөніндегі 
кіріспе нұсқаманы 
еңбекті қорғау 
қызметі немесе басшы өткізеді. Бұл жалпы нұсқама болады: 
кәсіпорын, мекеменің сипаттамасы, еңбек заңнамасының 
мәліметтері, санитария талаптары түсіндіріледі, эвакуация 
жоспары көрсетіледі. 
2 . 
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама 
жұмысқа жаңадан 
қабылданған және де бір бөлімшеден басқа бөлімшеге ауысқан 
барлық қызметкерлерге жұмыс істеуге алғашқы рет рұқсат 
беру алдында нұсқаулықтар бойынша өткізіледі. 
Қарастырылатын мәселелердің тізімі: жұмыс орны туралы 
жалпы мәліметтер, негізгі зиянды факторлар, электр 
қауіпсіздігі, жұмыстың қауіпсіз тәсілдері, жеке қорғаныс 
құралдары, апатты жағдайдағы іс-әрекет. Бұл жұмыс 
орнындағы журналға тіркеу арқылы жүргізіледі; оқып 
жатқандар үшін – зертханалық жұмыстар алдында жүргізіледі. 
3.
Қайталау нұсқамасы 
кемінде жарты жылда бір рет
өткізіледі, ал қауіптілігі жоғары жұмыстар үшін –жұмыс 
орнындағы алғашқы нұсқамаға немесе мамандық және 
жұмыстың түрлері бойынша нұсқаманың бағдарламасы 
бойынша үш айда бір рет өткізіледі.
4.
Жоспардан тыс нұсқама:

жаңа стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар қабылдануы,
технологиялық процестер өзгеруі барысында;

Жұмыс арасында 60 күн үзіліс болған жағдайда, 30 күннен


91 
астам қауіптілігі жоғары жұмыстар үшін немесе өндірістегі 
жазатайым оқиғаның нәтижесінде өткізіледі. Жоспардан 
тыс нұсқаманың көлемі оны өткізу себептеріне байланысты 
болады. 
5.
Мақсатты нұсқама:

мамандық бойынша тікелей міндеттерге қатысы жоқ бір
жолғы жұмыстарды атқару барысында;

экскурсиялар, жарыстар өткізу, сапарға шығу барысында;

қандай да болмасын апатты жағдайды жою барысында
өткізіледі.
Мақсатты нұсқама бұл жұмыстармен қоса жүргізілетін
құжаттарда тіркеледі (мысалы, рұқсат нарядында, рұқсат беру 
қағазында немесе арнайы журналда). Еңбек қауіпсіздігі 
бойынша нұсқамадан өткеннен кейін, қызметкер нұсқаманың 
түріне қарамастан нұсқамаларды тіркеу журналына қол қояды 
(7.1- сурет). 
Бұл журналды нұсқаманы өткізген қызметкер толтырады. 
Жазбалар хронологиялық тәртіппен ұқыпты және анық 
жазылады. Кәсіпорында нұсқамалардың барлық түрлерін 
тіркеу үшін бір журнал болуы мүмкін, бірақ әр нұсқаманың 
өзіне тән ерекшілігі болғандықтан ,журналды парақтарға бөліп 
жүргізген жөн. 
Тіркеу журналы байланған, нөмерленген, басшының қолы 
және кәсіпорынның мөрімен куәландырылуы тиіс. Журналдың 
бланкілері еңбекті қорғау жөніндегі инженерде немесе бұл 
міндет бұйрықпен жүктелген маманда сақталады. Нұсқаманы 
жүргізуге жауапты қызметкер (учаске шебері, цех немесе 
қызмет бастығы) журналды еңбекті қорғау жөніндегі 
инженерден (немесе бұл міндет бұйрықпен жүктелген 
маманнан) алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет