Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

Орындықтың параметрлері 
Аяқ киімдегі бойы, см 
146 … 160 161 … 175 
Более 175 
Отырғыштың еден үстінен 
биіктігі, мм 
380 
420 
460 
Отырғыштың ені, мм, кем 
емес 
320 
340 
360 
Отырғыштың тереңдігі, мм 
360 
380 
400 
Арқаның төменгі шетінің 
отырғыш бетінен биіктігі, мм 
160 
170 
190 
Арқаның жоғарғы шетінің 
отырғыш бетінен биіктігі, мм 
330 
360 
400 
Арқаның бүгілу сызығының 
биіктігі, мм, кем емес 
200 
210 
220 
Отырғыштың алдыңғы 
шетінің бүгілу радиусы, мм 
20 … 50 
Отырғыштың еңіс бұрышы ° 
0 … 4 
Арқаның еңіс бұрышы ° 
95 … 108 
Арқаның жоспардағы радиусы, 
мм, кем емес 
300 
Отырған адамның арқасын ұстап тұруды барынша қамтамасыз 
ету үшін бел аумағында реттегіші бар орындық алу ұсынылады. 
Одан өзге, «дұрыс» орындықта биіктіктің: арқаның алдыңғы және 
артқы бұрышының тәуелсіз реттегіштері болуы тиіс. Барынша 
тұрақтылыққа бес тірек нүктелері бар жұмыс креслосын пайдалану 
арқылы жетуге болады. 
Қолдың бұлшық еттеріндегі статикалық кернеуді азайту 
мақсатында стационарлық немесе алынатын шынтақшаларды 
пайдалану ұсынылады. Олар білекті қолдауға ықпал етеді және иық 
және мойын омыртқаларының шаршауын азайтуға мүмкіндік 
береді. 
Жұмыс орны ені 300 мм. кем емес, тереңдігі 400 мм. кем емес, 
биіктігі бойынша 150 мм. дейін реттелетін аяқ тұғырымен 
жабдықталуы тиіс. Тұғырдың жоғарғы беті бұдырлы болуы, ал 
алдыңғы шеті бойынша биіктігі 10 мм. ернеуі болуы тиіс. Бұл аяқ 
киімнің тайғанауын, яғни, жарақаттану мүмкіндігін болғызбайды. 
Клавиатура столдың жоғарғы бетінде пайдаланушыға қараған 
шетінен 100...300 мм. қашықтықта орналасуы тиіс. Мәтінді 


81 
құжаттарды теруге қолайлы болу үшін көлемі ұзындығы және ені 
бойынша оларға орнатылатын құжаттарға сәйкес келетін 
жылжымалы тұғырлар қолданылады. Экран жазықтығы көз 
деңгейінен төмен, дұрысы, көзқарастың қалыпты сызығына 
перпендикулярлы (көзқарастың қалыпты сызығы — көлденеңнен 
15° төмен) орналасқан жағдайда, ақпаратты жылдам оқу қамтамасыз 
етіледі. 
Компьютерлік техникамен жарақталған 
жұмыс орнының параметрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет