Иммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) – иммундық жауап қайтарудың бұзылысына, әртүрлi антигендерге, бiрiншi орында - жұқпаларға қолайлы емес иммундық жауаптың дамуына немесе төмендеуiне әкелетiн, иммундық жүйенiң негiзгi компоненттерiнiң функционалдық белсендiлiгiнiң төмендеуi. Иммундық тапшылықтың иммундық төзiмдiлiктен айырмашылығын
бiлу қажет, ол жағдайда да иммундық жауап төмендейдi немесе болмайды.
Иммундық тапшылықтан айырмашылығы иммундық төзiмдiлiк арнайы,
яғни ол бiр берiлген антигенге немесе антигендер тобына қарсы дамиды.
Иммундық
тапшылық
жағдайларда,
жалпы
алғанда
иммундық
реактивтiлiгi төмендейдi.
ИТЖ анықталуы, бiрiншi кезекте ағзаның жұқпаларға қарсы қорғанысы нашарлайды, оның клиникалық тұрғыда жұқпалы аурулармен жиi сырқаттануы байқалады. Гуморалдық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын ИТЖ пиогендiк микроағзалармен, стафилококк, пневмококк, Н. Influenzae,
iшектiк жұқпалармен шақырылған аурудың қайталануы тән.
Жасушалық иммунитет жүйесiнiң зақымдануы басым болатын ИТЖ бактериялық жұқпаларға қосымша шартты-патогендiк флорамен,
мысалы,
Candida
саңырауқұлақтарымен,
вирустармен
(герпес,
цитомегаловирус, аденовирустар), пневмоцисталармен, жасушаiшiлiк
бактериялармен (микобактериялар, уреаплазмалар және т.б.) шақырылған
жұқпалы аурулар дамиды. Сонымен қатар, туберкулездiк жұқпаларының
жайылуы, гельминтоздың жиiлiгiнiң жоғарылауы тән.
Комплемент компоненттерiнiң ақауы (альтернативтiк жолының,
С3, С5-9 және т.б.) - инкапсулалық микроағзалармен (Neisseria
meningitidus, пневмококк, гемофилдiк таяқша) шақырылатын қайталамалы
жайылған жұқпаларға әкеледi. Жиi жүйелi қызыл жегi кездеседi.