133
тiрi
қалуын негiздеп, ИЛ-4 гемопоэздi күшейтедi. ИЛ-4-тiң маңызды
қасиетi - in vivo iсiкке қарсы күштi белсендiлiгi. Жергiлiктi егу кезiнде ИЛ-
4 тез арада iсiк жасушаларына цитотоксикалық әсер келтiретiн
эозинофилдермен инфильтрациялануын шақырады.
ИЛ-5-тi
қоздырып, ИЛ-4 in vivo эозинофилдердiң көп мөлшерде
өндiрiлуiн шақырады. ИЛ-5-тiң өнiмi ИЛ-4 бақылайтын Тх-дiң Тх2-ге
айналуына тығыз байланысты. ИЛ-5-тiң физиологиялық әсерлерi (м.ү.
паразиттерден қорғау) ИЛ-4-тiң деңгейiне тiкелей байланысты деген
бiрқатар эксперименталдық және клиникалық дәлелдер бар. ИЛ-4-терi аз
тышқандар паразитарлық iндеттерге бейiм болады және Heligmosomoides-
тердiң ересек құрттарын екiншiлiк
жұғу кезiнде жоя алмайтыны
экспериментте анық дәлелденген.
Сонымен,
ИЛ-4 Тх2-дiң негiзгi өнiмi болып келедi, олардың көбеюiн
қоздырады, Тх1-нiң цитокиндерiне антогонист болып келедi, қан түзу
жасушаларының
дамуына,
макрофагтарға,
NK-жасушаларға,
базофилдерге әсер келтiредi. ИЛ-4 аллергиялық реакциялардың дамуына
көмектеседi, қабынуға қарсы және iсiкке қарсы әсерi бар.
ИЛ-4-тiң клиникалық қолдануының мүмкiншiлiктерi:
Сепсис, ревматоидтық артрит және т.б. аурулар кезiнде қабынуға
қарсы агент ретiнде;
1-шi түрлi диабет, трансплантаттың иесiне қарсы жедел
реакциясы сияқты аутоиммундық аурулар кезiнде Тх1-дiң
пайда
болуын азайтып, қызметiн басатын иммуномодулятор ретiнде;
Iсiкке қарсы жергiлiктi емдеу кезiнде пайдалану мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: