Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Эозинофилдер бiр қатар цитокиндердi



Pdf көрінісі
бет214/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Эозинофилдер бiр қатар цитокиндердi
(ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-4, 
ИЛ-5, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-10, ИЛ-16, TNF-

, т.б.) түзетiнi және сыртқа ортаға 
бөлiп шығаратыны анықталған. Осы цитокиндер қабыну ошағында 
орналасқан жасушаларға алуан түрлі әсер көрсетеді. Цитокиндердің iшiнен 
өзiне назар аудартатыны: 


219 
-
 қабыну алды цитокиндерi ИЛ-1, TNF-

;
-
ИЛ-3 және ИЛ-5, эозинофилдердiң түзiлуiн 
керi
 
байланыс бойынша 
өзiн-өзi реттейдi 
және олардың
қызметiн 
әрі қарай
 белсендiредi
.
Соңғы кезде атопиялық аллергия патогенезiнде эозинофилдер 
бөлетiн 
нейропептидтердiң
(
VIP-вазобелсендi iшектiк пептид және Р-
заты)
маңызды рөл атқаратыны көрсетiлген. Бұл нейропептидтер 
бронхоспазм, қан тамырдың кеңеюін шақырады, мес жасушаларының 
дегрануляциясын және шырыштың бөлінуін күшейтеді. 
Осылайша
эозинофилдер атопиялық аллергиялық серпiлiстер 
дамуының түрлi кезеңдерiнде белсендi түрде қатысып отырады.
Бiр 
жағынан, олар аллергияның 
клиникалық көрiнiсiнiң
пайда болуына және 
дамуына әсер етедi
, ал екiншi жағынан осы 
көрiнiстердi бәсеңдетуі 
мүмкiн
және қабыну серпiлiсiнiң ошағын тазалауға көмектеседi. 
Соңғы мәліметтер бойынша бұл қызметтер уақыты бойынша 
ажыратылған және де эозинофилдердің әр түрлі субпопуляцияларымен 
атқарылуы 
мүмкін. 
Аллергиялық 
серпілістің 
алғашқы 
кезеңінде 
эозинофилдердің қабыну алды қызметі басым болады, ал соңғы кезеңінде 
– қабыну үрдісінің тежеуіне бағытталған қорғаныстық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет