Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет280/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

вакцинациядан кейiн 
асқынудың даму қатерi, сол аурудан дамитын асқынудан төмен болуы 
керек. 
Егер вакцинациядан кейiн болатын асқынудың жиiлiгi жоғары болса, 
онда көпшiлiк вакцинациядан бас тартады. Бұл жағдайда жұқпалы ауру 
ошағында пассивтi иммунопрофилактика шараларын жүргiзу өте тиiмдi 
болуы мүмкін. 
Иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiктерi бар адамдарда вакцинация 
күрделi асқынуларды шақыруы мүмкiн екендiгiн ұмытпаған дұрыс.
Әсiресе 
тiрi вакцинаны енгiзбес бұрын иммундық патологиялық жағдайлары бар 
балаларды анықтау өте маңызды. Себебi жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгi 
бар балалар БЦЖ-дан кейiн ауырып қалуы немесе өлiп кетуi мүмкiн. 
Сонымен қатар кортикостероидтарды, иммунодепрессанттарды немесе 
радиотерапияны қабылдап жүрген науқастарға, сондай-ақ лимфома 
немесе лейкозбен ауыратын науқастарға тiрi вакциналарды енгiзуге 
болмайды.
Осы категорияға 
жүктi әйелдер
де кiредi.
Кез-келген жедел жұқпадан кейiн адамда, әсiресе кiшкентай балаларда 
транзиторлы иммундық жетiспеушiлiк дамитынын есте сақтау керек. Оның 
ұзақтығы орта есеппен бiр айға созылады. Сол себептен, бұрын ССРО-ның 
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы бойынша кез-келген жедел 
жұқпалы аурумен ауырған балаларға бiр ай көлемiнде вакцинация жүргiзуге 
рұқсат берiлмейтiн.
Иммундық жетiспеушiлiк кезiнде енгiзiлген вакцина антигендiк 
жүктеменiң жоғарылауына
әкелуi мүмкiн, 
нәтижесiнде реттегiш 


механизмдердің 
бұзылу 
салдарынан 
гиперергиялық 
серпілістердің 
(аллергиялардың) дамуы, немесе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуы салдарынан 
аутоиммундық патологияның дамуы мүмкiн.
Сондықтан екiншiлiк иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiгi бар адамдарға 
вакцинация жүргiзуге болмайды. Сондай-ақ созылмалы жұқпалар кезiнде 
үнемi иммундық жетiспеушiлiк болатынын естен шығармау керек. Себебi, 
жұқпалы аурудың созылмалы түрде өтуiнiң өзi ағзада иммундық 
жетiспеушiлiктiң бар екендiгiн көрсететiн белгі, ал бұл жағдай өз кезегiнде 
иммундық жүйенi әлсiретедi және иммундық жетiспеушiлiктi тереңдете 
түседi.
Жоғарыда келтiрiлгендердiң барлығы 
ағзада созылмалы жұқпалы ошақ 
бар адамдарда вакцинацияны аса сақтықпен жасау керек екендiгiн 
дәлелдейдi.
Аутоиммундық патологиясы
бар науқастарда иммунизацияны 
жүргiзуге болмайды, себебi аутоиммундық үрдіс күшеюi мүмкiн. Мұндай 
науқастарға иммунизацияны өте керек жағдайларда және максималды 
сақтық шараларын ескере отырып жүргiзген дұрыс. 
Кейбiр жағдайларда вакцинациядан кейiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет