Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


иммунологиялық төзiмдiлiк



Pdf көрінісі
бет30/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

иммунологиялық төзiмдiлiк
деп аталады 
(төзiмдiлiк – жауап қайтармау, шыдамдылық). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


33 
АНТИГЕНДЕР 
Антигендердiң 
анықтамасы. 
Антигендердiң 
құрылымы: 
антигендiк 
детерминанттар, 
гаптендер, 
тасымалдаушылар. 
Валенттілiк туралы түсiнiк. Антигендердiң түрлерi. Бiрiншiлiк және 
екiншiлiк аутоантигендер. Кешендiк және айқаса-әрекеттесетiн 
антигендер. Тимусқа тәуелдi және тимусқа тәуелсiз антигендерге 
иммундық жауаптың қалыптасу механизмi. Антигендердiң негiзгi 
қасиеттерi: 
бөгделiк, 
антигендiк, 
иммуногендiк, 
арнайылық. 
Антигендiк арнайылықтың түрлерi. 
Антигендер иммундық жауаптың ынталандырушысы мен реттелуiнiң 
негiзгi факторы.
Антигендер
– иммундық жауап тудыратын, яғни ағзадан бөгде затты 
шығаруға бағытталған арнайы серпiлiстерге қатысатын, генетикалық 
бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. 
Макромолекулалар, әсiресе нәруыздар мен полиқанттар антигендер болып 
табылады. 
Антигендердiң құрылымдық сипаттамасы
Иммундық жауап антигеннiң барлық макромолекуласына емес, оның 
антигендiк детерминант
деп аталатын белгiлi бiр бөлiгiне қарсылық 
көрсетедi.
Антигендiк детерминанттың 
қазiргi кездегi атауы – эпитоптар
.
Эпитоп
– 
иммундық жауап кезiнде түзiлетiн антиденелер мен 
эффекторлы Т-лимфоциттердiң арнайылығын қамтамасыз ететiн
жеке 
химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бiр 
бөлiгi

Антигендiк детерминанттардың саны молекула құрылымы мен оның 
өлшемiне байланысты болады. Бiр тасымалдаушыда бiрнеше антигендiк 
детерминанттар болуы мүмкiн, мысалы, жұмыртқа альбуминiнiң 
молекуласында 
кем 
дегенде 

детерминант, 
күл 
токсиндерінің 
молекуласында – 8 детерминант, ал тиреотропин молекуласында – 40 
детерминанттан көп болады. 
Эпитоптың құрылымы антидененiң белсендi орталығына немесе Т-
жасушалық рецепторына комплементарлы. Антиген мен антидененiң 
әрекеттесуi негiзiнде кеңiстiк құрылымының сәйкестiлiгi жатыр, неғұрлым 
антиген мен рецептор арасында кеңiстiктiң сәйкестiлiгi көп болса, 
соғұрлым олардың әрекеттесу деңгейi жоғары болады. Мұнда антигендiк 
эпитоптың және де антигенді байланыстырушы рецепторлардың белсендi 
орталығының өлшемдерi үлкен рөл атқарады, өйткенi рецепторлардың 
белсендi 
орталықтары 
ойық 
тәрiздес, 
ол 
ойық 
антигендiк 
детерминанттарымен толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет