Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-лимфоциттердiң антигентәуелсiз дифференцировкасы



Pdf көрінісі
бет94/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Т-лимфоциттердiң антигентәуелсiз дифференцировкасы 
Сүйек кемiгiнде түзiлген Т-лимфоциттер қан ағысымен тимустың 
қыртысты аймағына келiп орналасады.
Бұл үрдісте тимустың эпителиалды жасушалары түзетiн хемокиндер 
маңызды қызмет атқарады (хемокиндер iТ-лимфоциттердi тимусқа тартады). iТ-
лимфоциттер тимусқа өту үшiн гематотимикалық тосқауылдан өтуi тиiс. Бұл 
тосқауылдан өту iТ-лимфоциттердiң мембранды молекулалары (протеогикан 
CD44, гиалурон қышқылының қалдықтары

интегрин және басқа) мен 
жасушааралық 
матрикс 
молекулаларының 
(фибронектин, 
тосқауыл 
жасушаларының мембраналық молекулалары) өзара әсерлесуiне негiзделген. 
Тимустың 
субкапсулярлы 
аймағында 
iТ-лимфоциттерден 
жетiлмеген Т-лимфоциттер түзiледi,
олар иммунды хабарлы болып 
тимустан шығу үшiн дифференцировканың бiрнеше сатысынан өтедi.
Тимустың қыртысты қабатында лимфоциттердiң көбею үрдісі өте 
интенсивтi жүредi. Адамда орта есеппен тәулiгiне шамамен 5х10

тимоциттер түзiледi, ал тимустан осы уақыт арасында шамамен тек 8х10

жасушалар ғана шығады. Яғни, жаңа түзiлген жасушалардың шамамен 3% 
тимустан шығады. Бұл құбылыстың биологиялық мәнi жақында ғана 
белгілі болды. Ол меншiктi гистосәйкестiк антигендерiмен әрекеттесуге 
қабiлетi бар Т-лимфоциттер клондардың сұрыпталуына негiзделген.
iТ-лимфоциттерден жартылай жетiлген Т-лимфоциттердiң тимус 
ішіндегі 
түзiлуi 
үрдісі 
фенотиптiк 
Т-жасушалық 
маркерлер 
экспрессиясының өзгеруiмен сипатталады. Олардың негiзгiнде беткей
 CD-
антигендер (дифференциялаушы антигендер) жатады.


93 
Әртүрлi CD-антигендер дифференцировканың белгiлi кезеңiне
сондай-ақ функционалды әртүрлi Т-лимфоциттердiң субпопуляцияларына 
тән.
CD-антигендер 
– 
күрделi 
нәруыздардың, 
гликопротеидтердiң 
молекулалары, 
олар 
лимфоциттердiң 
плазмалық 
мембранасында 
орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет