Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін



Pdf көрінісі
бет97/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін 
клондар 
(олардың саны басымырақ)
апоптоз (
жасушалардың жоспар 
бойынша жойылуы
) нәтижесiнде жойылады. Тек МНС-дің меншiктi 
нәруыздарына сай рецепторлары бар клондар сақталады
Бұл Т-
лимфоциттер керектi дифференцировка белгiсiн алғандықтан апоптозға 
ұшырамайды және ары қарай даму сатысына өтедi. 
Сонымен, өзiнiң 
организмiнде жұмыс iстеуге қабiлетi бар (МНС-рестрикция) 
Т-
лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтедi. 
Бұл үрдіс
оң сұрыпталу 
деп аталады. Оң сұрыпталудан кейiн 
кортикалды тимоциттердiң шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы 
аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.
Аталған жасушалардың әрқайсысының немесе I класс МНС 
нәруыздарымен, немесе II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабiлетi 
бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезiнде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар 
тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының 
экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар 
Т-киллерлердiң фенотипiне ие 
болады: CD2
+
3
+
8
+
 (CD8
+
).
II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4 
корецепторын сақтап қалады, ал CD8 нәруызының экспрессиясын 
тоқтатады. Бұл жасушалар 
Т-хелперлердiң фенотипiне ие болады 
CD2
+
3
+
4
+
(CD8
+
).
Осылайша Т-лимфоциттердiң екi негiзгi функционалды 
субпопуляциялары қалыптасады. 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет