Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


SDF-1 (stromal cell-derived factor-1; стромалық жасушалармен өндірілетін



Pdf көрінісі
бет144/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

SDF-1 (stromal cell-derived factor-1; стромалық жасушалармен өндірілетін 
фактор-1) 
- α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 10 кДа молекулалық салмағын 
құрайды, стромалық жасушалармен, бауыр және бұлшық ет жасушаларымен 
өндіріледі. Бастауыш В- жасушаларының өсуін, моноциттер мен Т- жасушаларының 
хемотаксисін күшейтеді.
MIG (monokin induced by IFN-γ; IFN-γмен индукцияланған монокин)-
α-
хемокиндер тұқымдастығына жатады, 14-15 кДа молекулалық салмағы бар, IFN-γмен 
өңделген моноцит/макрофагтар өндіреді. Негізгі қызметі – ісіктің құрамындағы 
лимфоциттердің хемотаксисін жоғарылату.
 
MCP-1 
(monocyte 
chemoattractant 
protein-1; 
моноцитарлық 
хемоаттрактант ақуыз-1)
– β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 11-17 кДа 
молекулалық салмағы бар. Әр түрлі жасушалармен (моноциттер/макрофагтар, 
фибробласттар және кейбір ісіктердің жасушалары) өндіріледі. Т-лимфоциттердің 
хемотаксисін күшейтеді, моноциттердің хемотаксисінің белсендірілуін шақырады.
MCP-2 (monocyte chemoattractant protein-2; моноцитарлық хемоаттрактант 
ақуыз-2)
– β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 7,5-11 кДа молекулалық салмағы 
бар. Әр түрлі жасушалармен (моноциттер/макрофагтар, фибробласттар және кейбір 
ісіктердің жасушалары) өндіріледі. Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді, 
моноциттердің хемотаксисі мен белсендірілуін шақырады. 
 
MCP-3 (monocyte chemoattractant protein-3; моноцитарлық хемоаттрактант 
ақуыз-3
– β -хемокиндер тұқымдастығына жатады, 11 кДа молекулалық салмағы бар.
MCP-1 мен MCP-2 өндіруші жасушаларымен өндіріледі, эозинофилдер мен Тх-
жасушаларының хемотаксисін жоғарылатады, моноциттердің хемотакисі мен белсенуін 
шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет