12
3. Соғыс және соғыстан кейінгі ке-
зеңдерде
қазақстандық ғалымдардың
ғылыми-зерттеулері.
Соғысқа дейінгі ке-
зеңде Қазақстан аумағында бірнеше экс-
педициялар жұмыс істеді. Олардың ішін-
де Орыс география қоғамына кірген ре-
сейдің көрнекті топырақ зерттеушілері
мен ботаниктері болды:
С.С. Неуструев
,
Л.И. Безсонов
,
В.Н. Шнитников
және
т.б. Олардың жұмыстарының нәтижесі
Жетісудың геоботаникалық және топы-
рақ карталарын жасау болды.
Географиялық
ғылыми-зерттеулер
орталықтары ауыл шаруашылығының
басқа да салаларына түрлі жобалар қо-
сты. Олар суландыру мен жайылымдарды жақсарту, малды тұқымына
байланысты аудандастыру мәселелерін шешу үшін және т.б. негіз болды.
1921 жылы Алматы қаласы күтпеген апат салдарынан зардап шек-
ті: 80-100 жылда бір рет болатын қатты жойқын күшпен жауған нөсер
жаңбыр Кіші Алматы өзенін тасқынды тасбалшықты ағынға айналдыр-
ды. Бұл апат Қазақстанда селдің қалыптасу аймағын зерт теуге серпін
берді. Қазақстан географтары 1922 жылдан бастап мұздықтарды зертте-
умен айналысып келеді.
1952 жылы Қазақстанда География қоғамы пайда болды. Оған жо-
ғарғы оқу орындары мен басқа да ғылыми-зерттеу институттарындағы
географтар кірді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша кейбір селдер, мұз-
дықтардың іс-әрекетінен немесе тас материалдарының (мұзды морена)
опырылуынан болуы мүмкін деп көрсетті.
Қазіргі Қазақстанның географиялық ғылымы
климат және су ресурстарына ерекше назар аудар-
ды. Климаттық қолайсыздығы мен судың жетіспе-
ушілігіне қарсы күрес республикада бірінші дәре-
желі маңыздылыққа ие. Қолайсыз ауа райы және
климат құбылыстарына, мысалы қуаңшылық,
аңызақ, шаңды жел, бұршақ, аяз, көктайғақ, бо-
ран және т.б. құбылыстарға қарсы қауіпсіздік ша-
раларын дамытуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: