Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


үйде орындалатын сарамандық жұмыс



Pdf көрінісі
бет18/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
19
үйде орындалатын сарамандық жұмыс. 
Тәжірибе және графикалық жұмыс жасаңдар.
тапсырма: 
Күн сәулесі арқылы әртүрлі жыныстардың қызуын анықтаңдар. Ол үшін күннің көзі 
түсетін жерге әртүрлі жыныстардың үлгісін жайып тастаңдар. Олардың үстіне металл 
сынықтарын төгіп, алынған астына термометрдің шаригін батырып қойыңдар. Бір 
сағаттан кейін температурасын өлшеңдер. Бірнеше күн бойы бақылау жасап, әртүр-
лі жыныстардың температурасын өлшеп, алынған деректерді графикке жазыңдар. 
Бақылау қорытындысын дәптерлеріңе белгілеңдер.
Сұрақтар мен тапсырмалар 
Білім және түсінік
1. Тәжірибенің қандай маңызы бар?
2. Мектеп кабинетінде қандай тәжірибе жүргізуге болады?
3. Ауа райына бақылау жасау үшін қандай құралдар керек?
Қолдану
1. Ауа райын бақылай отырып, қандай деректер алуға болатындығын түсіндіріңдер?
2. Ауа райы құбылыстарына толық бақылау жүргізіп болғаннан кейін деректерді 
қайда жазасың?
3. Табиғатта бұдан басқа тағы қандай бақылау жасауға болады? Оның мақсаты 
қандай?
Сараптау
1. «Тау жыныстарының су өткізгіштігі» тәжірибесі нені дәлелдейді?
2. Графикалық әдістердің географияға қатысы туралы қорытынды жасаңдар.
Синтез
1. Үйде жасанды жер бедерінің пішінін жасауға арналған тәжірибе жүргізуге бола 
ма? Ол үшін қандай құралдар керек?
2. «Біз географиялық алаңдамыз» деген ролдік ойын дайындаңдар.
Бағалау
1. Бақылаудан алған деректерді неге маңызды білім көзі деп есептейді? Дәлел-
деңдер?
2. Географияда қолданылып жүрген графикалық әдістің бірінің маңыздылығына 
түсініктеме беріңдер.


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет