Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 5. географиялық зерттеулердің далалық әдістері



Pdf көрінісі
бет19/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 5. географиялық зерттеулердің далалық әдістері
негізгі ұғымдар: 
далалық әдістер – экспедиция, экскурсия; геогра-
фиялық зерттеудің басқа әдістері – картографиялық, статистикалық, 
тарихи, салыстырмалы-географиялық, аудандастыру, болжау, модел-
деу, ГАЖ-технологиясы, экономикалық-математикалық.
1. зерттеудің далалық әдісі.
Далалық әдіске маусымдық экспедиция-
лық зерттеулер мен экскурсия жатады.
1.1. Экспедициялық зерттеулер ғалымдар және арнаулы мамандар-
дың тарапынан, географиялық нысандарды және табиғи үрдістерді оқып 
үйрену мақсатында жүргізіледі. Көбінесе, жер бедері, топырақ, карстық 
құбылыс, климат, өзендер мен көлдер, өсімдік және жануарлар дүниесі, 
халқы және оның шаруашылығы зерттеледі.
Өткен ғасырдың 50 жылдарының аяғы мен 60 жылдардың басында 
географ-ғалым Б.В. Поляковтың басқаруымен әйгілі Каспиймаңы кешенді 
экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияның мақсаты, Каспиймаңы 
ойпатының батыс бөлігінің қуаң құрғақ даласының суландыру жүйесін 
қалыптастырып, географиялық ортасын жергілікті мал шаруашылығы-
на және суармалы егіншілікке оңтайландырып түрлендіру болатын.
Шамамен осы жылдары 
Об кешенді экспедициясы
да жұмыс істеді. 
Экспедиция мүшелері Об өзені алабының орта және төменгі ағысының 
және Ертіс өзенінің төменгі ағысының табиғаты туралы материалдар жи-
нақтады. Экспедицияның нәтижесі Төменгі Об су қоймасын жобалауда 
қолданылды.
Халықаралық географиялық жылдың (ХГЖ) бағдарламасын орындау 
барысында 
Памир және Эльбрус экспедициялары
жұмыс істеді.
Памир экспедициясының міндеті, Памир таулы қыраты сияқты биік 
белдеулерде атмосфералық циркуляцияның жұмысын зерттеу болды. 
Ғылыми жетекшісі әйгілі географ-климатолог Б.П. Алисов.
Эльбрус кешенді экспедициясы төмендегідей міндеттерді жүзеге асы-
ру мақсатында: қазіргі кездегі таулы мұздықтардың жағдайы және 
олардың таралуы, мұздықтар шекарасының өзгеру себептері, мұздықтар-
дың жылжу механизмі, мұздықтардың жинақталуын жүргізу. Эльбрус 
тауы мұздықтарын аэрофотоға түсірді. Экспедицияны белгілі ғалым 
Г.К. Тушинский басқарды.
Бұл географтардың экспедициялық әдістерді қолдана отырып, да-
лалық экспедициялық жұмыстарын жүргізуіне келтірілген мысалдар. 
Аталған маңызды әдістер, географияның ғылым ретінде қалыптасуына 


21
және табиғаты, халқы мен шаруашылығының дамуына, оның теориясы 
мен практикасы бойынша жаңа деректерді жинақтауға және болашақта 
қолдануға мүмкіншілік береді. 
Экскурсия
. Физикалық география курсымен танысу барысында дала-
лық әдістің бір түрі – мектеп экскурсиясы туралы білетін боласыңдар. 
Экскурсия – оқушылардың табиғи ортада айналадағы құбылыстарды 
оқып-үйрену мақсатында қысқа уақытта өтілетін сабақ. 
Күзгі экспедицияда – табиғаттың жеке компоненттерін (өзен, көл, 
жер бедерінің пішіндері, тау жыныстары және т.б), көктемде – жергілік-
ті жердің табиғи кешенін оқып үйренеміз. Экскурсияны табиғатта ғана 
емес, сонымен бірге, өнеркәсіп орындарында, кен орындарында және т.б. 
жергілікті жерде бар орындарда өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет