Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет16/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

1-тәжірибе 
Балғамен шөлмек шынының сынығын (аморфты дене) немесе тасты 
тұздың кристалын (немесе кальцит) ұрып сындырыңдар.
Қорытынды
: Бірінші дене пішінсіз көптеген бөлшектерге бөлініп 
кеткенін көреміз.Тұз кристалы қырлары бар тең жолақты бөлшектерге 
бөлінеді. Бұдан түсінгеніміз кристалды денелердегі жабысу күші әртүрлі 
бағытта бірдей емес екендігін көреміз, ал аморфты денеде бағытқа байла-
нысты емес. Бұл тәжірибеден байқағанымыз кристал денелердің анизо-
троптылығы.
2-тәжірибе 
Шөлмек шынының сынығын және тау хрусталінің қырлы кристалын 
(немесе гипстің) парафинмен жауып қойыңдар. Қыздырылған инемен 
парафинді түртіп көріңдер. Қандай өзгерісті байқадыңдар? Шөлмектің 
біршама жақсы қызған бөлігі парафиннен ажырайды. Яғни парафин бу-
ланып кетеді. Шөлмектің бұл бөлігінде дұрыс пішінді дөңгелектер пайда 
болады, яғни ине арқылы берілген жылу шөлмектің және парафиннің 
бойымен барлық жағына бірдей жылжиды. 
Кристалмен жасаған тәжірибеде эллипс тәрізді пішіндер пайда бола-
ды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды
. Тәжірибе арқылы байқағанымыз аморфты денелерде 
жылу барлық бағытта бірдей қозғалады, ал кристалды денелерде барлық 
бағытқа жылу бірдей тарамайды.
Үйге тапсырма. Кристалдардың табиғи жолмен қырларын шығара-
тынын білу үшін мыс купоросының немесе кварцтың қаныққан ерітін-
ділерінен үйде кристалды өсіріп көріңдер. Тәжірибенің қорытындысын 
дәптерлеріңе жазыңдар.
3-тәжірибе.
 Тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті
Құрал-жабдықтар мен материалдар
: биіктігі 0,5 м, диаметрі 2-3 см, 
болатын төрт шыны түтік, марлы, ине жіп. Саз, ірі және ұсақ құм, құм-
саз (орташа кесектелген құм).
Жұмыстың орындалу реттілігі. Түтікшелерді ретімен көлемі
3
/
4
бөлігіне: біріншісіне – ұсақталған және құрғатылған саз; екіншісіне – 


18
ұсақ құм; үшіншісіне – ірі құм; төртіншісін – құмсазбен (20% саздан 
және 70% ірі кесекті құмнан тұратын қоспа) толтырыңдар. Түтіктердің 
төменгі жағын марлымен орап тастаңдар. Түтікшелерді бірдей қатар мен 
штативке қыстырып қойыңдар да, бір мезгілде үстіне су құйыңдар. Әрбір 
түтіктің астына бос ыдыс қойыңдар. Жоғары жағынан құйылған су, осы 
ыдыстарға келіп құяды.
Тапсырмалар:
1. Жыныстардың су өткізгіштік қабілетін байқай отырып, әрбір түтік-
тегі судың жыныс арқылы ағып өткен уақытын дәптеріңе жазып ал.
2. Тәжірибенің суретін дәптеріңе түсір.
3. Тәжірибеге қандай қорытынды бере аласың? Дәптеріңе жаз.
4-тәжірибе.
 Тақырыбы: Жел және оның жұмысы
Құрал жабдықтар: құм салынған жәшік, кішігірім желдеткіш.
Тапсырмалар:
1. Желдеткіштің көмегімен құмның бетінде жасанды кішігірім жер 
бедерін жасауға тырысып көріңдер. Ол үшін желдеткіштің бағытын ара-
сында өзгертіп отырыңдар.
2. Пайда болған жер бедерінің суретін дәптерлеріңе түсіріңдер. Қан-
дай қорытынды шығарар едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет