Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 3. географиялық дереккөздер



Pdf көрінісі
бет13/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 3. географиялық дереккөздер
негізгі ұғымдар:
карта, атлас, деректі фильм, экспедиция, геолог, 
аэрофото және т.б.
географиялық дереккөздердің түрлері өте көп. 
Негізгі дереккөздер: 
карта және атластар, суреттер, мәтіндер, фотосуреттер, графикалық ма-
териалдар, ғарыштан түсірілген суреттер, анықтамалар, географиялық 
кітаптар мен журналдар, ғылыми зерттеулердің есептері және т.б. Гео-
графиялық ақпараттың келесі қызықты дерккөздеріне – табиғат жайлы 
фильмдер мен материалдар, фотоальбомдар, ауа райының болжамы, болып 
жатқан жайттар (қуаңшылық, нөсер, жер сілкінісі, дауыл, жорық, жаңа 
ашылулар және т.б.), табиғаттың суретті ашық хаттары мен маркілері
интернет сайттарының ақпараттары.
Карта және атластар
– ақпараттың негізгі картографиялық көздері. 
Адамзаттың әртүрлі табиғаттағы табиғи үрдістер мен құбылыстар, олардың 
аумақ бойынша таралуы туралы жинақтаған білімі.
Картадан алынған мәліметтер: құрылысшы, геолог, мұғалім, штурман, 
ғарышкер, офицер және агроном сияқты мамандардың барлығына керек. 
Толық мәліметтер көрсетілген карталар саяхатқа немесе жорыққа шыққан 
туристерге және кез-келген адамға, әсіресе, адам аяғы көп баспаған жер-
лерге баратындар үшін өте қажет. Барлық экспедициялар карта арқылы 
жоспарланады. Бұл жерде жан-жақты түсірілген топографиялық карталар 
және жергілікті жердің планы керек. Экспедицияның нәтижесінде жаңа 
жерлердің карталары жасалады.
Топографиялық карталардағы мәліметтердің қажеттілігі соншалықты, 
карталарын түсіруде ең негізгі құралдың қызметін атқарады.
Картаны пайдалана білу, одан ақпарат алу және оның толық мәлімет-
терін пайдалану үшін картаны сараптау жолдарын білу керек. Әртүрлі 
мазмұндағы карталарды оқып, сараптай білу, адамдарды сансыз көп гео-
графиялық ақпараттарды жаттаудан құтқарады.


15
Географиялық атластар
тек қана әртүрлі карталардың жиынтығы 
емес – атластың бағытына қарай бір-бірімен тығыз байланыста жүйелен-
ген карталар. Дәл осылай ҚР-ның Ғылым Академиясы және «География 
институты» ЖШС Қазақстанның Ұлттық Атласын жасап шығарды. Со-
нымен бірге, аймақтық және мектеп атластары шығарылады.
Әртүрлі аумақтардың табиғаты және табиғи ресурстары туралы маңы-
зды мәліметтер
географиялық сипаттамалар
арқылы да алынады. Оларға 
ғылыми және ғылыми-қоғамдық кітаптар, хрестоматия, жинақтар, жур-
налдағы мақалалар және энциклопедиялық басылымдар, анықтамалықтар 
жатады. Қазақстанның жоғары оқу орындарына және мектептерге арнайы 
шығатын «География» журналынан көптеген қажетті мәліметтер алуға 
болады.
Ақпарат көзі ретінде 
аэрофото және ғарыштан түсірілген суреттердің 
де
рөлі жоғары – ұшатын әуе және ғарыштық аппараттардан түсірілген 
Жердің сыртқы бейнесі. Бұл суреттерде Жердің үстіңгі бетіндегі нысандар 
қалай орналасса, дәл сол күйіндегі пішінін суретте көрсете алады. Бұл су-
реттердегі нысандарды пішініне, түсіне қарап, ажырата білу керек немесе 
ғылыми тілмен айтқанда суретке дешифровка жасау керек. Зерттелетін 
аймақтың көлеміне және табиғи құбылыстардың сипатына қарай оты-
рып масштабы анықталынады. Ауа райын болжау үшін ұсақ масштабты, 
топырақты зерттеуге ірі масштабты карталар қолданылады.
Ғарыштан түсірілген суреттер
көбінесе ғылыми зерттеулерге 
пайдаланылады. Геологиялық барлауда, ауа райына болжам жасағанда, 
шаң ды борандардың таралуында, орман және дала өрттерінің аумағын 
анық тағанда, топырақты зерттеуде, су және жел эрозиясын, өсімдіктерді 
және т.б. анықтау, зерттеу барысында қолданылады. Аэро және ғарыштық 
суреттер, құбылыс немесе табиғат туралы шынайы ақпарат бере алады. 
Жоғарыдан түсірілгендіктен аумақтың панорамасы жақсы көрінеді. 
Әртүрлі аумақтарға және сұрақтарға берілген географиялық ақпараттар
арнайы бағдарламасы бар компьютердің қорында сақталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет