Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


 Ауа райын бақылау – оқу жұмысының ерекше формасы



Pdf көрінісі
бет17/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2. Ауа райын бақылау – оқу жұмысының ерекше формасы.
Жұмы-
стың ерекшелігі, алғашқы кезеңде сынып ішінде қажетті құралдардың 
(термометр, барометр, флюгер) түрлерімен танысамыз. Негізгі кезең та-
биғи ортада жүреді. Бүкіл сынып болып ауа райының негізгі құбылы-
старымен және оған қалай бақылау жасау керектігімен танысамыз. Ол 
деректерді «Ауа райының күнтізбесіне» жазып қоямыз. Кейіннен бұл 
жұмысты өз беттеріңше үйде орындауларыңа болады. Сонымен бірге
сен тұратын елді мекенде бар болса метеорологиялық стансаға барып
метеорологтардың жұмысымен танысыңдар.
Ауа райына бақылау жасау үшін қандай құралдар керек? Ең бірін-
ші, кәдімгі үй 
термометрін
терезенің сыртқы жақтауына, солтүстікке 
қаратып қыстырып қоямыз. 
Барометр-анероид
мектептің география-
лық кабинетінде болуы керек. Ең қиыны 
флюгер
табу. Егер де мектеп 
ауласында арнайы метеорологиялық алаңы болмаса желдің бағыты және 
күші туралы деректерді радио, теледидар, интернеттен алуға тура келеді. 
Бұлттардың түрі және бұлттану көрсеткішін, фенологиялық деректерді 
визуальды (қарапайым көзбен мөлшерлеу) түрде анықтаймыз. Ауа райы-
ның күнделігі, ауа райы элементтері және құбылыстары туралы шартты 
белгілер, ауа райының түрлері туралы деректер дәптерлеріңде және «Қо-
сымшада» беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет