§ 6. графикалық әдістерді географияда қолдану негізгі ұғымдар: сызба, профиль, суреттер.
Оқулықта графикалық сипаттағы суреттер өте көп. Оларға:
құбылыс ты және үрдісті бейнелейтін сызба профилдер, сызба (Сурет.
Теңіздік бриз), кеңістіктегі себеп-салдар байланыстары (Сурет. Жерсіл-
кіну ошағының сызбасы), диаграмма блогы (Сурет. Жер қыртысы құры-
лысының сызбасы), графиктер (Сурет. Жел розасы) және диаграммалар.
Барлығы да географиялық кеңістіктегі болып жатқан дүниені жалпыла-
ма көрсетеді.
Бұл сабақ сенің оқулығыңда кездесетін әртүрлі графикалық матери-
алдармен танысуға және онымен қалай жұмыс істеу керектігін практи-
калық тұрғыдан үйретуге арналады. Келесі сабақтарда білгеніңді және
дағдыны бекітетін боласың. Алдағы уақытта көптеген графикалық мате-
риалдармен жұмыс істейтін боласың.
Төменде орындауға арналған тапсырманың шартты нұсқалары беріл-
ген.
Тапсырманы жоғарыда көрсетілген суреттерге қарай отырып орын - да (тапсырма нұсқа бойынша орындалады). 1. Оқулықтағы бірінші және екінші абзацты оқыңдар. «Литосфера», «Гидросфера»,
«Атмосфера» тақырыптарындағы графикалық суреттерді тауып, оларға мысал
келтіріңдер.
2. Жер сілкінісі ошағы сызбасын сараптап, тербелмелі қозғалыстың қалай бола-
тындығын түсіндіріңдер? Суретке тиісті ұғымдардың мағынасын ашыңдар.
3. «Жер қыртысының құрылысы» суретін пайдаланып, материктік және мұхит-
тық Жер қыртысының қатпарларының орналасу заңдылығын түсіндіріңдер.
Салыстырмалы қорытындыны кестеге түсіріңдер.
4. Жел толқындары құрылысының сызбасын еске түсіріп сызыңдар және ондағы
ұғымдарға түсініктеме беріңдер. Кейіннен оқулықтағы суретке қарай отырып,
өз біліміңді және есте сақтау қабілетіңді тексеріп көр.
5. Желдің пайда болу себебін түсінген болсаң, өз бетіңше дәптеріңе күндізгі және
түнгі бриздің нобайын сызып, оған қысқаша түсініктеме бер.
6. Оқулықтағы «Жел розасы» суретінде берілген сараптаманы пайдалана отырып,
сол пункіттің жел режимінің ерекшелігіне қорытынды жаса.