Сұрақтар мен тапсырмалар
Білім және түсінік
1. Тақырыптың негізгі ұғымдарына анықтама беріңдер.
2. Картаны оқып үйренуде және онымен жұмыс істеу барысында қандай міндеттер
шешіледі?
Қолданылуы
Картамен жұмыс істегенде географиялық нысандардың орналасуын қалай жадыңда
сақтауға болады? Мысалдар келтіріңдер.
Сараптау
«Картаны білу», «картаны оқу» ұғымдарын түсіндіріңдер. Жергілікті жердің гео-
графиялық нысандарын пайдаланып, оған мысал келтіріңдер.
Синтездеу
Өзің тұратын жердің географиялық нысандарының тізімін жасаңдар. Сонымен
бірге, атауларының шығу тегін жазыңдар.
Бағалау
Қандай қателік негізгі географиялық қате деп есептелінеді? Мысалдар келтіріңдер.
|