32
базальт қабаттары
бөлініп шыққан.
Уақыт өте жер қыртысы физи-
калық-химиялық үрдістердің, ауаның, судың және тірі организмдердің
іс-әрекетінен біршама өзгерістерге ұшырады.
Шөгінді қабат
кейінірек
пайда болды.
Құрлық бетінде, мұхит және теңіз табандарындағы шөгінді
жыныстар, жыныстардың үгіліп, бір жерге жинақталуынан пайда болды.
Жер қыртысының қалыңдығы барлық жерде бірдей емес. Жер қыр-
тысының екі типі бар:
материктік
және
мұхиттық
.
Мұхит астындағы
жер қыртысы көбінесе екі қабаттан тұрады. Шөгінді жыныстар базальт
жыныстардың үстінде орналасады. Гранитті қабат кездеспейді немесе өте
жұқа әр жерде ғана болуы мүмкін. Мұхиттық
қыртыстың қалыңдығы
5-10 км. Материктік қыртыс, қалың және үш қабаттан тұрады. Материк
астындағы қалыңдығы 70-80 км.
Жердің ішкі құрылысын оқып үйрену не үшін қажет? Жердің ішкі
құрылысының орналасу құпиясын анықтау арқылы, ғаламшарымыздың
қалыптасуын және материктер мен мұхиттардың пайда болуын,
дұрыс
түсінуімізге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге, жер сілкінісі және жа-
нартаулардың атқылауы сияқты литосфералық катаклизмдердің алдын
алуда, пайдалы қазбалардың түзілуін
және олар-
дың орналасқан жерін анықтауда өте қажет.
Өзіңді тексер!
1. Есте сақтауың бойынша (дәптерге жаз), жер
қыртысының құрылысын анықтайтын құрал.
2.
Жер қыртысының құрамы
Еске түсір!
1. Химиялық элементтер дегеніміз не?
2. Қандай заттарды қалыптастырады?
13-сурет.
Жер
қыртысының сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: